Денсаулық сақтау жүйесіндегі зияткерлік меншік құқықтарына инновациялардың әсерін ЕАЭО мысалында көрсету
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-15-3-62-74
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
инновации, интеллектуальная собственность, здравоохранение, ЕАЭС, Cоглашение по ТРИПС, патентное право, общественное здоровьеАңдатпа
Аңдатпа: Мақалада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде инновациялардың денсаулық сақтау саласындағы зияткерлік меншік құқықтарының дамуы мен трансформациясына әсері талданады. Патенттерді қорғауға, дәрілік заттардың қолжетімділігіне және білім трансферті технологиясына қатысты икемділікті көздейтін ТРИПС Келісімінде және одан кейінгі актілерде белгіленген халықаралық-құқықтық стандарттарға ерекше назар аударылды. ЕАЭО мемлекеттерінің халықаралық және өңірлік құқық нормаларын адал пайдалану және жүйелі интеграциялау қағидаттарын имплементациялауға көзқарастары қаралады. COVID-19 пандемиясынан туындаған бастамалар, соның ішінде C-TAP, OPEN COVID Pledge және Medicines Patent Pool тетіктері, сондай-ақ олардың денсаулық пен зияткерлік меншік саласының өзара әрекеттесуінің жаңа үлгілерін қалыптастырудағы рөлі бөлек зерттеледі. Инновацияларды ынталандыру мен медициналық технологияларға қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдік қажеттілігі атап өтіледі, бұл әділеттілік, тұрақты даму мен ортақ игілік қағидаттарына негізделген ЕАЭО ішінде келісілген құқықтық тетіктерді қалыптастыруды талап етеді.
