Киберкеңістік халықаралық құқықтағы кеңістіктің жаңа түрі ретінде
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2024-11-3-23-35
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 2
Аңдатпа
Бұл мақалада киберкеңістік ұғымының мәні, оның қазіргі халықаралық құқықта бар екені туралы мәселелер қарастырылады, сонымен қатар киберқауіпсіздік, кибер егемендік және кибер дипломатия ұғымдары келтірілген. Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан заманауи ақпараттық технологияларға байланысты киберкеңістік және оның халықаралық құқықтағы компоненттері туралы айту қажеттілігі туындайды. Халықаралық құқықтағы киберкеңістік мәселесі салыстырмалы түрде жаңалық бола отырып, халықаралық құқық субъектілері тарапынан жеткілікті мұқият талдау мен құқықтық реттеуді талап етеді. Бұл, ең алдымен, киберкеңістікті халықаралық құқық кеңістігінің біріне жатқызу мәселесін нақты анықтау үшін қажет. Цифрлық ғасырдың прогрессивті дамып келе жатқан жаңа технологиялары халықаралық қауымдастық шешуі керек жаңа қиындықтарды тудырады. Ақпараттық технологиялардың даму ауқымы тиісті субъектілер тарапынан тиісті жауап берудің жаңа түсініктерін, тетіктері мен әдістерін қалыптастыруды анықтайды. Соңғы уақытта ғылыми ортада «құрлық, әуе, ғарыш, теңіз кеңістігімен қатар, киберкеңістік жақын арада мемлекеттік аумақтың қатарына қосылуы мүмкін» деген идея басым боп келеді.