Қазақстан Республикасында халықаралық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың конституциялық аспектілері


Қаралымдар: 1

Авторлар

Кілт сөздер:

Халықаралық құқық, декларация, конституция, конституциялық құқық, мемлекет, имплементация, орындау.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында халықаралық-құқықтық нормалардың конституциялық деңгейде іске асырылуын құқықтық реттеудің қалыптасуы қарастырылған. Халықаралық-құқықтық нормаларды іске асыруды құқықтық реттеуді дамыту Қазақстан Республикасының КСРО құрамынан шыққаннан кейін басталды. Оған дейін одақ билігімен заңнамада белгіленген, бірақ іс жүзінде қолданылмайтын Қазақ КСР-нің шет мемлекеттермен қатынастарға түсу құқығы формалды берілген. 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясында елдің халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болу құқығы жарияланды және бұл құқық 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда толығырақ сипатталған. 1993 жылы егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясының қабылдануы халықаралық құқыққа ерекше көзқараспен қараумен ерекшеленді. Конституцияның 3-бабының нормаларына сәйкес республика мойындаған адам құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық-құқықтық актілер ел аумағында ұлттық заңдарға қарағанда басымдыққа ие болды. 1995 жылғы екінші Конституцияда халықаралық құқыққа деген көзқарас неғұрлым тереңірек болды, халықаралық шарттарды орындаудың неғұрлым икемді тәртібі айқындалды, ол осы Конституцияның да мәтініне көптеген өзгерістер енгізілгеннен кейін де бүгінгі күні өз мағынасын сақтап қалды.

Автор өмірбаяны

Ербол Мусинұлы Абайділдинов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Заң ғылымдарының докторы, профессор
Халықаралық құқық кафедрасының профессоры

Жарияланды

26.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абайділдинов, Е. М. (2023). Қазақстан Республикасында халықаралық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың конституциялық аспектілері. Еуразия халықаралық құқық журналы, 2(2). Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/94