ЖИ қолдану

Ғылыми мақалаларда жасанды интеллектті қолдану ережелері.

Журнал редакциясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығы 1 Қосымшасының 5-бабында (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығының редакциясында) белгіленген қағидаттарға сүйене отырып, ғылыми жарияланымдарда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану жөніндегі өз ұстанымын анықтайды.

Құқықтық зерттеулердің ерекшеліктері мен академиялық адалдық қағидаттарын ескере отырып, редакция ЖИ технологияларын жауапкершілікпен, этикалық және ашық түрде қолдану саясатын ұстанады.

Редакция ЖИ технологияларын тек қосалқы мақсаттарда қолдануға рұқсат береді, бірақ төменде белгіленген талаптарды қатаң сақтау шарт:

  1. Авторлар ЖИ технологиялары арқылы алынған ақпаратты дәл, қауіпсіз және этикалық пайдалану үшін жауапты;
  2. ЖИ қолданылғанына қарамастан, авторлар ғылыми нәтижелерді, қорытындылар мен ұсыныстарды тәуелсіз түрде қалыптастырылуға тиіс.
  3. Авторлар ЖИ технологияларын қолданған фактілерді көрсетуі қажет, оның ішінде, қай кезеңде және қандай мақсатта ЖИ технологиялары қолданылғаны, алынған деректердің дұрыстығын тексеру және оларды өңдеу, интерпретациялау әдістерінің сипаттамасы, ЖИ технологиясы туралы ақпарат: атауы, жасаушы (құқық иесі), нұсқасы, қолдану және сұраныс күні көрсетілуі қажет.

Сілтеме  үлгісі: OpenAI (2025) ChatGPT (генеративті ЖИ-интерфейс). Қолжетімді: https://chatgpt.com/ (қолданылған күні: 24.12.2025).

 

  1. ЖИ қолдануға қатысты тиісті мәліметтердің жоқтығы ғылыми мақалада ЖИ технологиялары қолданылмағандығын растайды деп есептеледі.
  2. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу кезінде (анкета, тест, сауалнама және т.б.) ЖИ технологияларын қолдануға рұқсат беріледі.

ЖИ технологияларын:

  1. Мақала мәтінін жасау үшін (аннотация, кіріспе, әдебиеттер шолуы, әдістеме, нәтижелер, талқылау, қорытынды, әдебиеттер тізімі);
  2. Технология туралы ақпаратты, оның ішінде атауы, нұсқасы, құқық иесі және қолдану күнін ашпай қолдану;
  3. Плагиатқа қарсы жүйелерді айналып өту немесе плагиат анықталу ықтималдығын төмендету үшін;
  4. Басқа авторлардың мәтіндері мен идеяларын бұрмалап, көшіріп алынғанын жасыру үшін;
  5. Этикалық шектеулер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау қажеттілігіне байланысты 13 жасқа дейінгі балалар қатысатын зерттеулерде;
  6. Нақты зерттеулер жүргізбей жалған эксперименттік деректер жасау үшін қолдануға тыйым салынады.

Редакция ЖИ технологияларын қолдану автордың қосқан үлесін сақталып, жарияланымның ғылыми дәлдігі қамтамасыз етіле отырып, ашық, шектелген және академиялық этика қағидаттарына сәйкес болуға тиіс екенін атап көрсетеді.