Ілеспе хат

Ілеспе хаттың үлгісі

                                                                                                               «Л.Н. Гумилев атындағы

                                                                                                               Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ

                                                                                                               Басқарма төрағасы - Ректоры

 

 

                                                           ІЛЕСПЕ ХАТ

 

Авторлар осы хатты басшылыққа ала отырып, «Eurasian Journal of International Law» журналына «МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ» мақаланың автор(лар)ы АВТОР(ЛАР)ДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ ғылыми мақаласын жариялауда ешкімнің авторлық құқығын бұзбағаны жөнінде кепілдік береді. Авторлар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журнал баспасына шектеусіз мерзімде келесідей айрықша құқықтарды ұсынады:

  • мақаланы шығару құқығы (жариялауға, таратуға, көбейтуге, тираждауға немесе мақаланың басқа да көбеюлеріне), даналар таралымының шектеусіздігіне, мақаланы кез келген жолмен тарату құқығын береді. Сонымен қатар, бұндай жағдайда, мақаланың әрбір данасында автор(лар)дың аты-жөні болады;
  • мақаланы құрама жұмысқа енгізу құқығы;
  • жалпыға жария ету құқығы;
  • мақалалардың метадеректерін пайдалану құқығы (атауы, автор(лар)-дың аты-жөні (авторлық құқық иесі), аңдатпалар, библиографиялық материалдар, мақаланың толық мәтіні және т.б.). Осы арқылы, мақалаларды жалпыға жариялау және жеткізу, өңдеу және жүйелеу, сондай-ақ әртүрлі дерекқорларға және ақпараттық жүйелерге, оның ішінде мақаланың жарияланған толықмәтінді нұсқаларын енгізу құқығы.

Мақаланы қолдану құқығының аумағы шектелмеген.

Сондай-ақ, автор(лар) журнал баспасына сақтау және жеке деректерді мерзімсіз өңдеу құқығын береді (тегі, аты, әкесінің аты, білімі туралы, жұмыс орны және лауазымы жайлы мәлімет). Дербес деректер оларды сақтау және әртүрлі дерекқорларда және ақпараттық жүйелерде өңдеу, оларды аналитикалық және статистикалық есептілікке қосу, ғылым, әдебиет және өнер туындылары объектілерінің дербес деректермен және т.б. негізделген өзара байланысын құру үшін ұсынылады.

Автор(лар)ға ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ғылыми мақалада зияткерлік меншік объектілерін, авторлық құқық объектілерін толық көлемде заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік міндеттеледі. Автор(лар) журнал баспасына мақаланы плагиат мәніне тексеруге келісімін береді.

Автор(лар) маақаланың бұрын еш жерде жарияланбағанын, басқа ғылыми басылымдарға жіберілмегенін және жіберілмейтінін растайды.

 

 

*Ілеспе хат мекеменің ресми бланкісінде рәсімделеді және мекеме басшысының қолы қойылады (ЖОО үшін ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі жетекшілік етуші проректор).

 

*Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті авторларының Ілеспе хатын факультет деканы растайды.

 

Орынд.: Автор(лар)дың аты-жөні