Электрондық төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және интернет-алаяқтықтың алдын алудағы блокчейн технологиялар: халықаралық-құқықтық стандарттар және Қазақстан Республикасында имплементациялау келешегі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Айбар Күмісбек
  • Бауржан Сматлаев
  • Алуа Муратова L.N.Gumilyov Eurasian National University

DOI:

https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-19-3-8-24

Кілт сөздер:

блокчейн, электрондық төлемдер, интернет-алаяқтық, сандық активтер, халықаралық-құқықтық стандарттар, нормативтік дуализм, смарт-келісімшарт

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың жедел өсуі жағдайында электрондық төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – үлестірілген тізілімдер мен смарт-келісімшарттардың электрондық төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және интернет-алаяқтыққа қарсы күреске қандай үлес қоса алатынын анықтау және халықаралық стандарттарды Қазақстан заңнамасына имплементациялау моделін ұсыну. Құқық қолдану практикасын талдау негізінде киберқылмыстардың төмен ашылу деңгейі және тіркелмеген криптовалюталық операциялардың жоғары тәуекелдері көрсетілген. Авторлар құқық бұзушылықтардың алдын алу және транзакцияларды үздіксіз бақылау үшін үлестірілген тізілімдердің, консенсус алгоритмдерінің және смарт-келісімшарттардың технологиялық әлеуетін қарастырады. Зерттеуде блокчейнді қолданудың негізгі құқықтық кедергілері, соның ішінде ұлттық жүйе мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы режимі арасындағы нормативтік дуализм, сандық активтерді алып қоюдың процестік механизмдерінің болмауы және тізілімнің өзгермейтіндігінің жеке деректерді қорғаумен коллизиялары анықталған. ФАТФ, ЮНСИТРАЛ, Будапешт және БҰҰ киберқылмыстылыққа қарсы конвенцияларының халықаралық-құқықтық стандарттары, сондай-ақ MiCA Регламентінің тәжірибесі негізінде үш деңгейлі имплементациялау моделі негізделген. Бұл модель универсалды шарттарға қосылуды, ЕАЭО елдерінің заңнамасын үйлестіруді және отандық заңнамалық массивті кезең-кезеңімен реформалауды қамтиды. Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы», «Сандық активтер туралы» Заңдарына, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне өзгерістер енгізу бойынша нақты de lege ferenda ұсыныстары тұжырымдалған. Осы шараларды енгізу трансұлттық қылмыстарды тергеу тиімділігін арттыруға және сандық есеп айырысуларға қатысушылардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зерттеудің құқық ғылымына қосқан үлесі – үлестірілген тізілім техникалық құрал немесе алыпсатарлық актив ретінде емес, жария-құқықтық және процестік реттеудің дербес объектісі ретінде қарастырылады, ал оны реттеу технологиялық бейтараптық және функционалдық баламалылық қағидаттарына негізделуі тиіс.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Күмісбек A., Сматлаев B. ., & Муратова A. (2026). Электрондық төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және интернет-алаяқтықтың алдын алудағы блокчейн технологиялар: халықаралық-құқықтық стандарттар және Қазақстан Республикасында имплементациялау келешегі. Еуразия халықаралық құқық журналы, 19(3), 8–24. https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-19-3-8-24

Журналдың саны

Бөлім

Мақала