Мақалаларды қарастыру тәртібі
Мақалаларды қарастыру тәртібі
Журнал редакциясына келіп түскен барлық қолжазбалар журналдың тақырыбына, талап етілетін түпнұсқалық деңгейіне, техникалық, этикалық және басылымның өзге де талаптарына сәйкес болуы және «жабық» рецензиялаудан өтуге тиіс. Олар бұрын баспа және/немесе электрондық түрде жарияланбаған болуы қажет.
Плагиатты тексеру жүйесі арқылы тексерілгеннен кейін түпнұсқалығы кемінде 70% болатын қолжазбалар ғана әрі қарай рецензиялауға жіберіледі. Алынған рецензиялардың негізінде журналдың редакциялық алқасы жариялау туралы түпкілікті шешім қабылдайды. Ғылыми мақалалар үш тілде, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Мақаланың редакцияға түскен күні оның түпкілікті нұсқасы редакцияға келіп түскен күн болып есептеледі.
Мақалалар қабылдануы әр тоқсанның алғашқы 2 айында жүзеге асырылады.
- Негізгі автор (хат-хабар алмасуға жауапты автор) Журналдың электрондық порталында тіркеледі, мақаланы Microsoft Word бағдарламасында дайындап, Open Journal System (OJS) жүйесі арқылы жүктейді (парақ – A4, портреттік орналасу, барлық жағынан 20 мм, қаріп: Times New Roman, көлемі – 14 кегль).
- Автордан келген қолжазба Журнал редакциясына түседі. Журнал редакциясы қолжазбаның техникалық талаптарға сәйкестігін тексереді. Қолжазбамен бірге автор ілеспе хатты ұсынады (1-Қосымша), ұсынылған материалдың түпнұсқалығын растайды, плагиатты тексеруге келісім береді, мақаланы әртүрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелерге қосады және жарияланған жағдайда баспагерге айрықша құқықтар береді.
- Бас редактор (жауапты редактор, бағыт бойынша бас редактордың орынбасары) мақаланы Журнал тақырыбына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Сәйкес келмеген жағдайда Журнал редакциясы авторға электрондық хат арқылы жариялаудан бас тарту себебін немесе мақаланы жетілдіруге қатысты ұсыныстарды хабарлайды.
- Редакцияға түскен барлық мақалалар плагиатқа тексеруден өтеді. Журнал редакциясы қолжазбаның өздігінен жазылғанын лицензиялық автоматты тексеру жүйесі арқылы тексереді (https://antiplagiat.enu.kz/, «Turnitin -iThenticate»).
Авторларға плагиатқа тексеру бойынша электрондық есептер берілмейді. Қажет болған жағдайда редакция авторға жүйеден алынған түпнұсқалық пайызын көрсететін анықтама ұсынады.
Бұрын жарияланған мақалалар, олардың басқа тілдерге аудармалары (қазақ, орыс, ағылшын және т.б.), сондай-ақ басқа журналдарға (басылымдарға) рецензиялауға ұсынылған мақалалар қарастыруға қабылданбайды. Журнал редакциясы бұл туралы негізгі авторға хабарлайды. Мақала қабылданбаған жағдайда редакция бас тарту себептері бойынша талқылауға қатысу құқығын өзінде сақтайды.
Журнал редакциясы қажетті түпнұсқалық шектен өткен мақаланы бас редакторға (жауапты редакторға, бас редактордың орынбасарына) жібереді.
- Бас редактор (бас редактордың орынбасары, бағыт бойынша жауапты редактор) бастапқы іріктеуден өткен әрбір мақала үшін тиісті тақырып бойынша ғалым немесе маман ретінде рецензенттерді анықтайды. Бұл процедура OJS (Open Journal System) жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
- Журнал редакциясы мақаланы Журналда жариялауға болатындығын анықтау үшін оны плагиатқа тексерілген толық есебімен бірге рецензенттерге жібереді.
- Журналда екіжақты (жабық) рецензиялау рәсімі қолданылады, редакция рецензенттер мен авторлардың ат-жөндері туралы мәліметті жабық сақтайды. Мақаланы алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде рецензент журнал редакциясына мақала бойынша зерттелетін тақырыптың өзектілігін, автордың ғылым саласына қосқан үлесін, алынған нәтижелердің теориялық және практикалық маңыздылығын бағалауды қамтыған негізді рецензияны ұсынады. Барлық рецензиялар мақаланы жариялауға ұсыну (түзетуге жіберілген немесе өзгеріссіз) немесе оның қайтарылуы туралы толық ақпаратқа ие. Барлық рецензиялар журнал редакциясына түседі.
Рецензияда мақаланы түзету туралы ұсыныс болған жағдайда, автор мақаланың түзетілген нұсқасын мүмкіндігінше қысқа мерзімде ұсынуы қажет. Мақаланы түзету авторларға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы электрондық хабарлама жіберілгеннен бастап бір аптадан аспай орындалуға тиіс. Мақаланың түзетілген нұсқасы рецензентке қайта қарау үшін жіберіледі. Бұл процесс рецензенттің мақала бойынша түпкілікті шешімін алғанға дейін қайталанады. Рецензенттің ескертулерімен келісіп, бірақ оларды түзетуге ниет білдірмеген жағдайда (ескертулерді толық жоймай мақаланы үшінші рет ұсынғаннан кейін) мақала қабылданбайды. Рецензенттің ескертулерімен келіспеген жағдайда автор/авторлар журналдың бас редакторына негіздемеге сүйенген хат жібереді. Бас редактор автордың/авторлардың өтінішін қарастыра отырып, шешім қабылдайды.
Егер автор рецензия жіберілген күннен бастап екі апта өткеннен кейін түзетілген нұсқаны ұсынбаса, сондай-ақ авторлардан мақаланы түзетуден бас тартқаны туралы хабарлама болмаса, редакция оны есептен шығаруға құқылы. Мұндай жағдайларда авторларға түзетуге берілген мерзімнің өтуіне байланысты қолжазба есептен шығарылатыны туралы тиісті хабарлама жіберіледі.
Редакция алқасының мақала бойынша барлық рецензиялары мен шешімдері мақала жіберу барысында метадеректерде көрсетілген негізгі авторға (немесе хат-хабар алмасатын авторға) жіберіледі. Мақала бойынша барлық материалдар (мақаланың соңғы нұсқасы, рецензиялар, плагиат бойынша есеп және олар болған жағдайда басқа құжаттар) редакция алқасының отырысына жолданады. Мақаланы Журналда жариялауға мүмкіндік беру туралы шешімді рецензенттердің қорытындылары негізінде Журнал редакциясы алқасы қабылдайды. Теріс рецензия алған және редакция алқасы қабылдамаған мақалалар қайта қарауға қабылданбайды. Мақалалар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда түпкілікті шешімді журналдың бас редакторы қабылдайды.
- Жариялау материалдың дайын болуына қарай жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Редакция дайындалып жатқан шығарылымдардың айдарларына сәйкес кезекті қалыптастыруға құқылы.
- Нөмірдің мазмұны анықталғаннан кейін редакция мақала мәтіндерін (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) түзету мен журналдың макетін жинақтауды ұйымдастырады.



