Журнал туралы

Жаңа ғылыми басылымның мақсаты – халықаралық жария және халықаралық жеке құқықтың, интеграциялық құқықтың (ЕО, ЕАЭО, ТМД және т.б. мемлекеттердің аймақтық бірлестіктері құқықтары) қазіргі жағдайы мен дамуын, олардың өзара арақатынасы мен мемлекетішілік құқықпен арақатынасын және өзара іс-қимылын, халықаралық құқық тарихы мен теориясы мәселелерін, мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа да халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын, мемлекеттердің БҰҰ Шарттық органдарымен ынтымақтастығын, халықаралық құқықты оқытудың тәжірибесі мен әдістемесін, сондай-ақ теориялық қана емес, практикалық қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді кәсіби тұрғыдан талдау.

Журнал жұмысына атсалысу Еуразия кеңістігіндегі әріптестермен шығармашылық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді, зерттеушілер мен оқырмандарға халықаралық құқықтың қандай да бір аспектілері туралы беделді ғалымдардың көзқарасын білуге жаңдай жасайды, ғылыми ынтымақтастық аясын кеңейтуге және т.б. мүмкіндік береді.

Журнал шығарыла бастағаннан бастап, ең алдымен, Қазақстан Республикасында, ЕАЭО-ға мүше елдерде таратылатын болады, уақыт өте келе географиясы мен аудиториясы кеңейеді.

Журнал редакциясы ұжымы журналды Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі ұсынатын басылымдар тізбесіне, Ресей ғылыми дереккөздер индексіне, Ресей Федерациясы Жоғары аттестациялық комиссияның тізіміне, редакция кеңесіне кіретін мүшелер елдерінің ғылыми басылымдарының осы тектес тізімдеріне қосуды және келешекте Scopus және Web of Science базасына кіргізуді мақсат етіп, жұмыс істейтін болады.