Қазіргі халықаралық құқық бойынша шетелдегі Ресей азаматтарын дипломатиялық қорғау
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-13-2-51-60
Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 15
Аңдатпа
Бұл зерттеу шетелде құқықтары бұзылған Ресей азаматтарын дипломатиялық қорғау мәселелеріне арналған. Шетел мемлекетінің аумағында жүрген жеке тұлғалар жиі сол елдің азаматтары немесе билік органдары тарапынан заңсыз әрекеттерге ұшырайды. Мұндай жағдайларда, қабылдаушы мемлекеттің заңнамасында көзделген құқықтық қорғау шаралары бұзылған құқықтарды толық қорғау мен қалпына келтіруге әрдайым жеткілікті бола бермейді. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы ұлттық заңнамадан тыс шығып, халықаралық құқық нормаларының бұзылуына әкеп соққан жағдайда, мемлекеттер дипломатиялық қорғау тетіктеріне жүгіну құқығын өздерінде сақтайды.
Зерттеудің ғылыми маңызы – қазіргі халықаралық ахуалды ескере отырып, Ресей азаматтарының құқықтарын қорғауда дипломатиялық қорғау тетігінің қолданылуын талдауда.
Сонымен қатар, отандастардың құқықтарын қорғау – Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Осыған орай, жұмыста Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және отандастардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі талданады.
Бұл еңбектің негізгі қорытындылары мен құндылығы – халықаралық шиеленіс жағдайында шетелдегі азаматтардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдерін қарастыру мен ұсыну. Мемлекет басшыларының қатысуымен шетелдегі азаматтарды қорғаудың жаңа көзқарастары табылды.