Суды қорғаудағы халықаралық құқықтық құралдар
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2023-7-3-72-82
Қаралымдар: 27 / PDF жүктеулері: 8
Кілт сөздер:
ішкі сулар, қорғау, трансшекаралық сулар, конвенция, қағида, ластану, комиссия, өзен бассейніАңдатпа
Соңғы жарты ғасырда трансшекаралық су ресурстарына қатысты әлемде 500-ден астам халықаралық қақтығыстар орын алды. Трансшекаралық су ресурстарын пайдалану проблемалары су объектілерін үйлесімсіз салу, ластанудың ауысуы әрекеттеріндегі келіспеушіліктердің көзі болды. Мақалада ішкі суды және өзендерді қорғау саласындағы халықаралық экологиялық құқықтың құралдары қарастырылады. Ішкі суларға қатысты құқық халықаралық экологиялық құқықтың көне бөлігіне жатады. Экологиялық проблемаларды реттеу элементтері бар алғашқы ережелер XVIII ғасырда пайда болды және негізінен трансшекаралық кеме қатынайтын өзендерді пайдалану мен қорғауға қатысты болды. Мақалада Еуропадағы трансшекаралық суға қатысты халықаралық құқықтың қарқынды дамуы көрсетіледі және трансшекаралық өзендерді қорғау саласындағы су қатынастарын реттейтін негізгі құжаттарға назар аударылады, сонымен қатар трансшекаралық суды қорғау саласындағы халықаралық экологиялық құқықтың құралдары ретінде халықаралық ұйымдардың рөлі қарастырылады.
