Кемелерді тұтқындау және ұстауды халықаралық-құқықтық реттеу: қазіргі кездегі практикаға талдау
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-13-2-19-30
Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 27
Кілт сөздер:
морские перевозки, арест судов, международное морское право, санкции в судоходстве, права моряков, UNCLOS, борьба с наркотрафиком, исключительная экономическая зона, теневой флот, международные санкцииАңдатпа
Бұл мақала қазіргі геосаяси жағдайда кемелерді тұтқындау және ұстау мәселелеріне қатысты халықаралық теңіз құқығының өзекті проблемаларына арналған. Авторлар 1982 жылғы Теңіз құқығы туралы БҰҰ конвенциясы (UNCLOS), 1999 жылғы Кемелерді тұтқындау туралы конвенция, 1988 жылғы Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі конвенция сияқты негізгі халықаралық құжаттарды талдай отырып, құқықтық негіздер мен рәсімдерді қарастырады. Сондай-ақ, теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі және кеме иелері мен экипаж мүшелерінің құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдік мәселесіне назар аударылады.
Baltic Summer және KIWALA кемелеріне қатысты оқиғалар қарап, осындай тұтқындау жағдайларының жиілеп кетуі бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Бұл оқиғалар санкциялық қысым мен саяси шиеленіс жағдайында халықаралық құқықты қолдану барысында туындайтын олқылықтар мен қиындықтарды көрсетеді. Мақалада теңіз саудасының тұрақты дамуы мен адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін құқық үстемдігі қағидаттарын, халықаралық ынтымақтастықты және процестік кепілдіктерді сақтау маңыздылығы атап өтіледі.