Трансшекаралық су ресурстарын реттеу саласындағы құқықтың қайнар көздері
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2022-3-3-51-66
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
халықаралық шарт, ынтымақтастық, су ағыны, трансшекаралық өзен, кон-венция, хаттама, Халықаралық сотАңдатпа
Аңдатпа: Мақалада трансшекаралық су ресурстарын халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері болып табылатын халықаралық шарт, халықаралық әдет-ғұрып және халықаралық ұйымдардың (оның ішінде сот мекемелері) қаулылары және үкіметтік емес ұйымдардың шешімдері талданған. Бірінші кезекте, бұл осы саладағы екі әмбебап көпжақты шарттар: 1997 жылғы БҰҰ-ның Халықаралық су ағындарын кеме қатынасына емес пайдалану құқығы туралы Конвенциясы және 1992 ж. БҰҰ ЕЭК Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенциясы, сондай-ақ аймақтық, жергілікті және екіжақты халықаралық шарттар жүйесі.
Рамолық сипатына қарамастан, трансшекаралық су ресурстарын халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері ретінде әмбебап шарттардың рөлі маңызды, өйткені олардың негізінде мемлекеттер нақты трансшекаралық су ағынына қатысты халықаралық шарттарды жасайды.
1992 жылғы Хельсинки конвенциясынан басқа, БҰҰ ЕЭК шегінде трансшекаралық суларды қорғау мен сақтау үшін тікелей маңызы бар тағы үш табиғатты қорғау конвенциялары әзірленді, олар трансшекаралық су ресурстарын халықаралық-құқықтық реттеудің қайнар көздері ретінде осы саладағы ынтымақтастық үшін рамолық халықаралық-құқықтық негізді құрайды.