Қазақстан Республикасындағы мигранттардың конституциялық-құқықтық мәртебесі: адам және азаматтардың құқықтарының саралануы
Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 17
DOI:
https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-18-2-59-69Кілт сөздер:
көші-қон, Қазақстан Республикасының Конституциясы, адам құқықтары, мемлекеттік егемендік, жүріп-тұру еркіндігі, құқықтарды саралау, халықаралық стандарт.Аңдатпа
Мақала жаңадан қабылданған Конституция аясында мигранттардың конституциялық-құқықтық мәртебесін қарастырады. Зерттеу шеңберіне адамдарға тиесілі және танылған абсолютті құқықтар мен Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана бекітілген құқықтар айырмашылығы енгізілген. Атап айтқанда, негізгі назар абсолютті құқықтар деп танылған әлеуметтік қорғау, қозғалыс еркіндігі, еңбек құқықтары, денсаулық сақтау мен білім беру аясына аударылған.
Сонымен қатар, зерттеуде Қазақстан Республикасы таныған халықаралық және жергілікті шарттар мен мемлекеттегі көші-қон саласын қадағалауға бағытталған заңды әрекеттері арасында туындайтын күрделі тепе-теңдікті сақтауға бағытталған нормалар қарастырылады.
Автордың пікірінше жаңа Конституция мемлекеттің егемендігі мен көші-қон процестерін қатаң бақылаумен қатар, адамның абсолютті құқықтарын кемсітуге тыйым салады.
Көші-қонның екі негізгі аспектілері арасындағы тепе-теңдікті сақтау қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылуына қарамастан, Қазақстан ұлттық егемендікті сақтай отырып, халықаралық құжаттардың талаптарын орындауға әрекет жасап, мигранттардың негізгі құқықтарын қамтамасыз етіп, сонымен бірге белгілі бір қиындықтар туғызды.




