Инвестициялық дауларды реттеу кезінде «пакеттік» әдісті қолдану: сот және халықаралық практикасы тұрғысынан талдау


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Аслан Тукиев Верховный Суд

DOI:

https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-19-3-25-40

Кілт сөздер:

инвестициялық даулар, әкімшілік практика, ӘРПК, әкімшілік рәсімдер, сот практикасы, әкімшілік әділет, инвестор

Аңдатпа

Мақалада инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу кезінде «пакеттік» әдісті қолдану мәселелері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі инвесторлардың құқықтарын қорғау тиімділігін арттыру, әкімшілік практиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру қажеттілігімен негізделеді. Заңнаманы, статистикалық деректерді және сот практикасын талдау негізінде мемлекеттік органдар іс-қимылдарының өзара келісілмеуіне, әкімшілік рәсімдердің созбалаңға салынуына және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге кешенді тәсілдің болмауына байланысты инвестициялық даулардың туындау себептері зерттеледі.

Жұмыста сот практикасын талдау және қорыту әдісі қолданылды. Әкімшілік және азаматтық істердің мысалында уәкілетті органдардың тиісті үйлестіруі болған жағдайда жекелеген даулардың сотқа дейінгі сатыда шешілуі мүмкін екені көрсетілді.

Мақалада инвестор міндеттемелерін, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын және өзара байланысты әкімшілік рәсімдерді кешенді бағалауды көздейтін «пакеттік» әдісті енгізу қажеттілігі негізделеді. «Бір терезе» тетігін дамыту, маңызды инвестициялық жобалар бойынша бірыңғай мемлекеттік үйлестірушіні айқындау, жауапкершілік шараларын қолданғанға дейін алдын ала құқықтық талдау жүргізу және татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылады. Ұсынылған шараларды іске асыру сот дауларының санын азайтуға, әкімшілік шешімдердің болжамдылығын арттыруға және инвесторлардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жарияланды

30.09.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тукиев, А. (2026). Инвестициялық дауларды реттеу кезінде «пакеттік» әдісті қолдану: сот және халықаралық практикасы тұрғысынан талдау. Еуразия халықаралық құқық журналы, 19(3), 25–40. https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-19-3-25-40

Журналдың саны

Бөлім

Мақала