Людовик Хеннебель мен Элен Тигруджаның «Адам құқықтарының халықаралық құқығы: трактат»
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-19-3-115-123Кілт сөздер:
шолу, адам құқықтары, халықаралық шартАңдатпа
2025 жылы Cambridge University Press баспасынан жарық көрген Людовик Хеннбель мен Элена Тигруджаның «Адам құқықтарының халықаралық құқығы: трактат» атты трактаты адам құқықтарының халықаралық құқығын қазіргі заманғы зерттеуге қосылған аса ауқымды әрі жүйелі үлес десек болады. Бұл жұмыста қатаң және жүйелі әдіснамаға негізделген жан-жақты талдау ұсынылған, теориялық тұрғыдан өзіне тән бірегейлік адам құқықтарының халықаралық құқығын терең білумен ұштастырылған.
Авторлардың адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықты әмбебап және өңірлік халықаралық шарттарда бекітілген құқықтардың жай ғана жиынтығы ретінде қарастырмайтындығы кітаптың айрықша құндылығын көрсетеді. Авторлардың бұл тақырыпты зерттеудегі ұстанған тәсілі анағұрлым кең. Трактатта адам құқықтары құқығы философиялық негіздер, құқық қайнар көздері, халықаралық институттар, сот және квазисот практикасы, құқықты түсіндіру қағидалары, адамның материалдық құқықтары, мемлекеттің жауапкершілігі және залалды өтеу тетіктері өзара тоғысатын күрделі нормативтік жүйе ретінде қарастырылады.



