Америкааралық адам құқықтары жүйесі негізінде панаманың жергілікті халықтарының құқықтарын қорғау
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2023-6-2-64-72
Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 10
Кілт сөздер:
Американдық адам құқықтары туралы конвенция, Американдық адам құқықтары мен міндеттері туралы декларация, Американдық байырғы халықтардың құқықтары туралы декларация, Америкааралық адам құқықтарын қорғау жүйесі, Америкааралық адам құқықтары жөніндегі комиссия, Америкааралық адам құқықтары соты, Панама, байырғы халықтардың құқықтарыАңдатпа
Бұл жұмыс Америкааралық адам құқықтарын қорғау жүйесіндегі Панама мен жергілікті халықтардың құқықтарын қорғау қатынастарын талдайды. Ол үшін Панаманың Америкааралық индихенистік институтқа қатысуы, сондай-ақ құқық саласындағы байырғы халықтарға бағытталған замануи қатынастар талданып, Панаманың осы байырғы халықтарының құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру шаралары ретінде, Америкааралық адам құқықтарын қорғау жүйесінің Эмбер, Куна, Нгобе және Насо байырғы халықтарына қатысты істердің қаралуы атап өтіледі. Жұмыс барысында Панаманың байырғы халықтарының құқықтарын қорғау стандарттарының негізгі элементтері Америкааралық адам құқықтарын қорғау жүйесі шеңберінде анықталған. Қорытындылай келе, Панамадағы байырғы халықтардың құқықтарын реттеу осы жүйеде белгіленген стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуы керектігі анықталады.