Төтенше жағдай кезінде жеке өмірге қол сұқпау құқығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық аспектілері
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2024-11-3-61-72
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Аңдатпа
Төтенше жағдай кезінде адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық-құқықтық міндеттемелерден ауытқу мүмкіндігі 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде және өзге де құжаттарда көзделгеніне қарамастан, іс жүзінде осы рәсімді іске асыру кезінде елеулі құқықтық қиындықтар туындайды.
Аталған құжаттардың мағынасы бойынша ауытқуға құқық адам құқықтарын шектеу оларды қорғаумен бірге болатынын және мәжбүрліктен, әрі табиғи сипатта болатынын білдіреді деп болжайды. Атап айтқанда, 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 29-бабы мынаны көрсетеді: «...өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әр адам тек басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде тану және құрметтеу мақсаты көзделген жағдайда ғана және демократиялық қоғамдағы моральдің, қоғамдық тәртіп пен игіліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсаты көзделген жағдайда ғана, заңмен белгіленген шектеуге ұшырауға тиіс». Алайда, мемлекеттер көбінесе бұл құқықты теріс пайдаланады (“abuse of right”), бұл адамның негізгі құқықтарын бұзуға әкеледі.
Мақалада төтенше жағдай енгізілген кезде жеке өмірге қол сұқпау құқығын қамтамасыз етудің құқықтық негіздері қарастырылады.