Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі зияткерлік меншікті қорғау жүйесінің ерекшеліктері

https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2024-11-3-36-51


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

Кілт сөздер:

зияткерлік меншік, құқықтық реттеу, зияткерлік меншікті қорғау жүйесі, Дүниежүзілік сауда ұйымы, ТРИПС жөніндегі келісім

Аңдатпа

Мақалада Дүнижүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі зияткерлік меншік объектілерін құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы мен ерекшеліктері қарастырылады. Әлемдегі мемлекеттер арасында қарқынды дамып келе жатқан халықаралық экономикалық қатынастар зияткерлік меншік мәселелеріне алып келді. Бүгінгі күні зияткерлік меншік объектілерін құқықтық реттеу мәселесі бүкіл әлемде өзекті болғандықтан, мемлекеттер барынша тиімділігі жоғары әдістерді пайдалануды көздейді. Жұмыстың мақсаты – ДСҰ шеңберінде қабылданған Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімі, сондай-ақ аталған Келісімде қарастырылған зияткерлік меншікті құқықтық реттеу саласындағы бірыңғай стандарттар мен нормаларға құқықтық талдау жүргізілді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік секторын қалыптастыру, дамыту және реттеу барысында туындаған құқықтық мәселелерді зерттеген ресми және ғылыми көзқарастар пайдаланылды. Осы зерттеуді жүргізу кезінде авторлар ғылыми абстракция әдісі, сапалық сараптамалық бағалау және құрылымдық талдау сияқты жалпы ғылыми әдістерді қолданылды. Зерттеудің теориялық маңыздылығы жұмыста көтерілген проблемалық мәселелер бойынша ғылыми және тәжірибелік әзірлемелерде қолдануға болатын теориялық қорытындылар берілетіндігінде. Қорытындылай келе, авторлар ДСҰ шеңберіндегі зияткерлік меншік объектілерін құқықтық реттеу жүйесінің стандарттарына сәйкес келетін тиімді ұлттық мемлекеттік зияткерлік меншік жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін және оның қағидалары негізінде іске асырылатын тиімділігін атады.

Автор өмірбаяндары

Мадина Нуртай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Заң ғылымдарының магистрі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы

Жулдыз Сайрамбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нуртай, М., & Сайрамбаева, Ж. (2024). Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі зияткерлік меншікті қорғау жүйесінің ерекшеліктері: https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2024-11-3-36-51 . Еуразия халықаралық құқық журналы, 11(3), 36–51. Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/72

Журналдың саны

Бөлім

Мақала