Санкциялар мен біржақты шектеу шаралары жағдайында денсаулыққа құқықты қорғау: халықаралық-құқықтық аспектілер

https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2024-12-4-22-37


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • vladislav malichenko Институт законодательства и сравнительного правоведения при Правительстве Российской Федерации
  • Аслан Абашидзе Российский университет дружбы народов имени Патриса Лумумбы

Кілт сөздер:

санкции, право на здоровье, доступ к технологиям здравоохранения, односторонние ограничительные меры, гуманитарные исключения.

Аңдатпа

соңғы онжылдықтарда адамзат әлемнің әр аймағында мемлекеттерге қатысты «санкциялар» мен «біржақты шектеу шараларын» жиі қолданыла бастауына тап болды. Шетелдік доктриналық дереккөздерде бұл ұғымдардың нормативтік мазмұны біртіндеп бір-бірімен бірдей болғызылды, бұл халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді және денсаулық сақтау технологияларына, азық-түлікке, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті шектей отырып, адамның негізгі құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кедергі келтіреді. Біржақты шектеу шараларын қолдану, әсіресе дамушы елдерге қолдану қарапайым азаматтардың табыс деңгейін төмендетуге, кедейлік, аштық және денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштерін төмендетуге әкеледі, бұл ауыр гуманитарлық салдар тудырады. Зерттеу аясында «санкциялар» мен «біржақты шектеу шаралары» ұғымдарының мазмұнын және олардың айырмашылықтарын талдау жасалды. Авторлар халықаралық ұйымдардың, отандық және шетелдік зерттеушілердің халықаралық құқыққа сәйкес біржақты шектеу шараларын қолданудың заңдылығына қатысты ұстанымдарын дәйекті түрде қарастырады. Мақалада санкциялар мен біржақты шектеу шараларының адамның денсаулыққа құқығын қамтамасыз етуге әсерін бағалайтын ғылыми зерттеулердің нәтижелері жүйеленеді. Зерттеу санкциялар мен біржақты шектеу шараларының салдарын азайту үшін гуманитарлық ерекшеліктер тетіктер қолдану мәселелеріне ерекше назар аударады. Авторлар ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына біржақты шектеу шараларын енгізудің жағымсыз салдарын азайту үшін Ресей Федерациясы жүзеге асырып отырған негізгі шараларға шолу жасады.

Жүктеулер

Жарияланды

31.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

malichenko, vladislav, & Абашидзе, А. (2024). Санкциялар мен біржақты шектеу шаралары жағдайында денсаулыққа құқықты қорғау: халықаралық-құқықтық аспектілер: https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2024-12-4-22-37 . Еуразия халықаралық құқық журналы, 12(4), 22–37. Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/78

Журналдың саны

Бөлім

Мақала