Қазақстанның АҚШ-пен, Германиямен, Ресеймен, Франциямен, Оңтүстік Кореямен, Жапониямен көлік техникасын цифрландыруға көшуге кедергі келтіретін факторларды анықтау бойынша ынтымақтастығының құқықтық аспектілері

https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2022-1-1-55-73


Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • М. А. Сәрсембаев Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Болашақ» консалтинг тобы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0340-8621

Кілт сөздер:

ынтымақтастық, көліктік машина жасау, цифрландыру, кедергілер, заң, келісім, көлік құралдары.

Аңдатпа

Аннотацияланған мақалада көліктік машина жасауды цифрландыруды жүзеге асыру процесіне келтіретін кедергілерді анықтау қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының дамыған елдермен: АҚШ, Германия, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Жапониямен ықтимал ынтымақтастық мәселелері талданды. Мақала тақырыбының негізгі мәселелерін зерттеу логикалық талдау әдісі, тарихи-құқықтық әдіс, салыстырмалы-құқықтық талдау әдісі негізінде жүргізіледі. Батыс сарапшылары мен талдаушылары анықтаған, көліктік машина жасау зауыттары мен салаларының цифрландыруға көшуіне кедергі келтіретін кедергілер дәйекті түрде келтіріліп, тұжырымдалды. Әрбір фактор (кедергі) сыни тұрғыдан зерттелген, олардың өнеркәсіптік, машина жасау өндірісіне цифрлық технологияларды енгізудің қазақстандық практикасында болуы мүмкін көрінісі тұрғысынан талданған. Батыс елдерінің сарапшылары мен зерттеушілері ұсынған осы кедергілерді еңсерудің әдістері мен құралдары және оларды отандық практикада қолдану мүмкіндіктері мұқият зерделенді. Автор жаңа қазақстандық заңдарды, сондай-ақ Қазақстанның жоғарыда келтірілген озық мемлекеттермен және олардың концерндерімен зауыттар мен республиканың көліктік машина жасау саласының қызметіне цифрлық технологияларды енгізу проблемаларын шешу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеу және қабылдау арқылы кедергілерді жоюдың қосымша әдістерін ұсынды. 

Автор өмірбаяны

М. А. Сәрсембаев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Болашақ» консалтинг тобы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Заң ғылымдарының докторы, профессор,
Халықаралық құқық кафедрасының профессоры

Жарияланды

31.03.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сәрсембаев, М. А. (2022). Қазақстанның АҚШ-пен, Германиямен, Ресеймен, Франциямен, Оңтүстік Кореямен, Жапониямен көлік техникасын цифрландыруға көшуге кедергі келтіретін факторларды анықтау бойынша ынтымақтастығының құқықтық аспектілері: https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2022-1-1-55-73. Еуразия халықаралық құқық журналы, 1(1), 55–73. Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/83

Журналдың саны

Бөлім

Мақала