Жасанды интеллект және халықаралық құқық
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2022-1-1-91-102
Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 7
Кілт сөздер:
жасанды интеллект, машиналық оқыту, халықаралық құқық, адам құқықтары, БҰҰ.Аңдатпа
Қазіргі дәуірде жасанды интеллектті қолданудың барлық артықшылықтарына қарамастан, бұл құбылыс халықаралық құқықтың қалыптасқан ұстанымдарына үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе, бұл тұрғыда жасанды зердені әзірлеу және қолдану кезінде адам құқықтарына қатысты мәселелер, атап айтқанда мұндай технологиялар пайдаланатын деректердің құпиялылығы сияқты мәселелер өзекті болып отыр. Жасанды интеллектті реттеу мәселесі негізінен мемлекеттердің ішкі құқығымен шешілгенімен, бұл мақалада осы мәселені шешуге халықаралық-құқықтық бағытта дамыту көзқарасын қолдайтын дәлелдер келтірілген. Бұл құбылысты әмбебап деңгейде де, аймақтық деңгейде де реттеудің жалпы және перспективалы тәсілін табуға мүмкіндік беретін осы халықаралық құқық.
Мақалада тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды ашуға және қалыптасқан жағдайдың перспективаларын талдауға, халықаралық құқықтың призмасы арқылы аталмыш мәселенің одан әрі дамуы туралы, оның ішінде халықаралық құқықтың қазіргі ережелері жасанды интеллект негізінде жаңа технологияларды қолданумен байланысты қиындықтарға қаншалықты жауап беретіндігі жөнінде қорытынды жасауға әрекет жасалды.