Жануарларды қорғау және пайдалану жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді ғылыми-теориялық талдау
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
биоалуандылық, экологиялық код, генетикалық түрлендірілген, орман, жабайы табиғат, жабайы табиғат объектілері, табиғи ресурстар, жабайы жануарлар, құстар, аңшылық, балық аулау ережелері.Аңдатпа
Бұл мақалада жабайы табиғатты қорғау мен ұтымды пайдалануға байланысты жаңа анықтамалар негізінде жаңа заңнамаларды әзірлеу, нормативтік-құқықтық құжаттарды жетілдіру және оларды талдау бойынша ұсыныстар мен ескертулер берілген. Сондай-ақ жабайы табиғатты қорғау және пайдалану саласындағы экологиялық құқық теориясының одан әрі дамуына қызмет ететін маңызды мәселелерге талдау жасалған. Жабайы табиғатты құқықтық қорғау және құқықтық реттеу мәселелері, табиғат ресурстары жүйесіндегі жабайы табиғаттың рөлі мен маңызын, ғылыми-зерттеу контекстінде жабайы табиғатты қорғау және пайдалану құқығының пайда болуы экологиялық құқық тұрғысынан зерттелді, сақтауға байланысты құқықтық қатынастар, оларды реттеуге бағытталған нормалардың мазмұны, мәні мен практикада қолдану мәселелері, жабайы табиғатты пайдалану және қорғау саласындағы басқару жүйесі, басқару органдарының өкілеттіктері, сондай-ақ жабайы табиғатты қорғау және пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін заңды жауапкершілік мәселесі зерттелді.