Рецензенттер үшін
Құрметті рецензенттер!
Халықаралық құқық ғылымының деңгейін арттыруға және “Еуразия халықаралық құқық журналындағы” (ЕАХҚЖ) ( “Eurasian Journal of International Law” (EAJIL), “Евразийский журнал международного права” (ЕАЖМП) жарияланымдардың сапасын қамтамасыз етуге қосқан жоғары білікті үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Рецензия жазу жөніндегі нұсқаулық
Рецензентке арналған ақпарат:
- Рецензент екіжақты жабық рецензиялау тәсілі арқылы таңдалады. Барлық рецензиялар анонимді түрде ұсынылады, рецензент өз жеке деректерін көрсетпеуге, мақаланың және рецензияның мазмұнын жария етпеуге тиіс.
- Редакция алқасы рецензенттің анонимдігін сақтайды.
- Рецензент мүдделер қақтығысы болған кезде, мақаланың тақырыбы рецензенттің кәсіби құзыреті шегінен тыс болған жағдайда, объективті себептермен (іссапар, ауру және т.б.) рецензияны белгіленген мерзімде ұсыну мүмкін емес болған жағдайда рецензия беруден бас тартуға тиіс.
- «Рецензия нысаны» бөліміндегі тиісті жолға рецензент қол қояды.
Рецензияның мақсаты:
Рецензияға ұсынылған мақалаға «Бағалау критерийлеріне» және «Рецензентке қойылатын жалпы талаптарға» сәйкес объективті ғылыми баға беру.
Бағалау критерийлері:
- Журнал тақырыбына сәйкестігі (сәйкес келмеген жағдайда мақала қабылданбайды).
- Мақала тақырыбының және қарастырылатын мәселелердің өзектілігі.
- Мақаланың түпнұсқалығы және ғылыми жаңалығы (ғылыми идеялардың, зерттеу әдістерінің, алынған нәтижелер мен қорытындылардың дербестігі мен бірегейлігі).
- Алынған нәтижелердің негізділігі (мақала құрылымы (IMRAD); өзекті құқықтық, статистикалық және өзге де деректерді сенімді дереккөздерден алу; тақырып бойынша соңғы бес жылдағы ғылыми еңбектерге, оның ішінде ЕАХҚЖ-да жарияланған мақалаларға сілтемелер; тұжырымдардың қисындылығы мен дәлелділігі).
- Мақаланың түсінікті оқылуы (материалды берудегі құқықтық және академиялық сауаттылық; мәтіннің түсінікті болуы; этикаға сай жазылуы; библиографиялық сілтемелердің дәлдігі; плагиаттың болмауы).
- Ескертулер мен ұсыныстар.
Рецензиялауға қойылатын жалпы талаптар:
- Объективтілік – рецензенттің материалды талдауы және жариялауға жіберу туралы шешім қабылдауы кезінде бейтарап, әділ және тәуелсіз болуы.
- Конструктивтілік – рецензияланатын жұмысты жақсарту үшін ұсынылатын ұсынымдардың ғылыми негізділігі, пайдалығы және қажеттілігі.
- Құпиялық – материал және рецензия нәтижелері туралы ақпараттың құпия сақталуы, жария етілмеуі.
Келесі мәселелерге назар аудару ұсынылады:
- Жасанды интеллект қолдану белгілері бар ма?
- Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен жаңалығы негізді ме?
- Аңдатпа мен түйін сөздер мақаланың мазмұнын толық көрсетеді ме?
- Мақаладағы мақсаттар, міндеттер және тұжырымдар оның мазмұны арқылы қаншалықты ашылып, негізделген?
- Жұмыста плагиат (дереккөзге сілтемесіз алынған мәтіндер) бар ма?
- Авторға қандай ұсыныстар берер едіңіз?
Халықаралық құқық ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесіңіз және ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Рецензенттерге арналған форма келесі сілтеме бойынша қолжетімді.
РЕЦЕНЗИЯ
«_________________________________________________» тақырыбындағы мақалаға
Қорытындының негіздемесі:
- Журнал тақырыбына сәйкестігі
|
Сәйкес келеді |
|
|
Сәйкес келмейді |
|
Журнал тақырыбына толық сәйкес келмеген жағдайда мақала қабылданбайды. Егер мақалада халықаралық (немесе интеграциялық) құқық нормаларына ішінара талдау жасалса, ол пысықтауға жіберілуі мүмкін.
Рецензенттің түсіндірмесі:
- Мақаланың өзектілігі мен ғылыми жаңалығы (заманауи ғылым мен практикадағы сұраныс деңгейі), зерттеу тақырыбы мен онда қарастырылған мәселелер:
|
Жоғары (тақырыбы өте өзекті және оны талдауда жаңа тәсіл қолданылған) |
|
|
Жақсы (ғылым мен практикада бұрын қойылған зерттеу тақырыптарына жаңаша талдау жасалған) |
|
|
Қанағаттанарлық (өзектілік пен жаңалық элементтері бар) |
|
|
Қанағаттанарлықсыз (өзектілік пен ғылыми жаңалық талаптарына сәйкес келмейді) |
|
Рецензенттің түсіндірмесі:
- Түпнұсқалығы – жаңа ғылыми идеялардың дербестігі, автордың алған нәтижелері мен қорытындыларының бірегейлігі.
|
Жоғары |
|
|
Жақсы |
|
|
Қанағаттанарлық |
|
|
Қанағаттанарлықсыз |
|
Рецензенттің түсіндірмесі:
- Алынған нәтижелердің негізділігі – материалдардың сенімділігі, ғылыми талдау әдістерінің әртүрлілігі, тақырып бойынша ең танымал ғылыми еңбектерге (соның ішінде соңғы бес жылдағы) библиографиялық сілтемелердің дәлдігі.
|
Жоғары |
|
|
Жақсы |
|
|
Қанағаттанарлық |
|
|
Қанағаттанарлықсыз |
|
Рецензенттің түсіндірмесі:
- Мақаланың құрылымы мен оқылымдылығы – мәтіннің қисындылығы мен түсініктілігі, мақала құрылымының (IMRAD) сақталуы, материалды баяндаудың заңгерлік және академиялық (жазбаша) сауаттылығы.
|
Жоғары |
|
|
Жақсы |
|
|
Қанағаттанарлық |
|
|
Қанағаттанарлықсыз |
|
Рецензенттің түсіндірмесі:
- Материалды баяндаудың этикасы – ғылыми зерттеулер этикасына сәйкестігі.
|
Жоғары |
|
|
Жақсы |
|
|
Қанағаттанарлық |
|
|
Қанағаттанарлықсыз |
|
Рецензенттің түсіндірмесі:
- Ескертулер мен ұсыныстар
____________________________________________________________________________
ҚОРЫТЫНДЫ:
|
Қорытынды нұсқалары |
Сарапшының шешімі |
|
а) Мақаланы жариялау |
|
|
b) Мақала рецензенттің ескертулеріне сәйкес пысықталғаннан кейін жариялауға ұсынылуы мүмкін* |
|
|
c) Мақала қабылданбайды** |
|
|
Рецензенттің А.Ә.Т., ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны |
|
|
Рецензенттің қолы |
|
«_____» _____________2026 ж.
_________________________________
* Бұл жағдайда мақала авторға пысықтауға жіберіледі. Пысықталған мәтінді алғаннан кейін Редакция алқасы мақаланы сол рецензентке қайта қарауға жібереді.
** Бұл жағдайда Редакция алқасының шешімімен мақала қабылданбайды немесе қайта рецензиялауға жіберіледі (осы мақала үшін бір рет қана рұқсат етіледі). Рецензенттердің қорытындысы әртүрлі болған жағдайда (қабылдамау/ұсыну), мақаланы жариялау/қабылдамау туралы шешімді Редакция алқасы қабылдайды.



