Еуразиялық халықаралық құқық журналының редакциясы журналдың https://eajil.enu.kz сайтынан жіберілетін қызметтік электрондық хаттарды жеткізуге қатысты маңызды ақпаратқа назарыңызды аударады
Құрметті авторлар мен рецензенттер!
Еуразиялық халықаралық құқық журналының редакциясы журналдың https://eajil.enu.kz сайтынан жіберілетін қызметтік электрондық хаттарды жеткізуге қатысты маңызды ақпаратқа назарыңызды аударады.
mail.ru, yandex.ru, bk.ru, @inbox.ru, @list.ru және Mail Group экожүйесіне кіретін басқа да пошта сервистерінің техникалық шектеулеріне байланысты электрондық хаттарды жеткізуге қатысты жаппай проблемалар туындауда:
- электрондық хаттар мүлдем жеткізілмейді;
- «Спам» немесе «Жойылғандар» қалталарына түседі;
- мақаланы ұсыну, рецензиялау және редакциялық хат алмасу кезеңдеріндегі коммуникация бұзылады.
Мұның себебі – журнал жұмыс істейтін Open Journal Systems (OJS) платформасынан жіберілетін автоматты хабарламаларды бұғаттайтын пошта жүйелерінің қатаң сүзгілері.
Осыған байланысты төмендегілерді қатаң түрде ұсынамыз:
- платформада тіркелу кезінде корпоративтік электрондық пошта мекенжайларын (мысалы, @enu.kz, @edu.kz, @kaznu.kz және т.б.) пайдалану;
- балама ретінде жүйенің хабарламаларын дұрыс қабылдайтын Gmail (@gmail.com) мекенжайларын пайдалануға болады;
- @mail.ru, @yandex.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @list.ru домендерімен аяқталатын электрондық пошта мекенжайлары арқылы тіркелуден аулақ болу.
Егер сіз проблемалы электрондық пошта мекенжайымен бұрын тіркелген болсаңыз, платформадағы жеке профиліңіз арқылы электрондық пошта мекенжайын өзгерте аласыз.
Құрметпен,
Еуразиялық халықаралық құқық журналының редакциялық алқасы



