Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Адам құқықтары туралы Халықаралық Билль нормаларының өзара әрекеттесуі

DOI: 10.32523/3079-7888-2025-13-1-17-32


Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Ақбопе Ергалимова Евразийский национальный университет имени Л.Гумилева
  • Ербол Абайдельдинов

Кілт сөздер:

конституция қазақстан адам құқығы Адам құқығы жөніндегі Билль ратификация имплементация ұлттық заң халықаралық құқық

Аңдатпа

Мақалада адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының егемендік алған сәтінен бергі конституциялық заңнамасының өзара әрекеттесуінің қалыптасуы қарастырылған.

 1990 жылдың 25 қарашасындағы «ҚазССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының», 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңеспен қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» ҚР Конституциялық Заңының, мемлекеттің екі Конституциясының (1993, 1995) нормаларының Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Билль нормаларымен өзара әрекеттесуінің кейбір аспектілері қарастырылып, конституциялық құндылықтарды қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы Қазақстанның мемлекеттік органдарының халықаралық шарттарды жасасуды қоса алғанда қолданыстағы заңнаманы қалыптастыру кезіндегі өкілеттіктері талданады.

Адам құқықтары жөніндегі конституциялық ережелерді іске асыру саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін талдау, мемлекет адам құқықтарын қалыптастыру, қамтамасыз ету және қорғауда шешуші, орталық позицияны иеленеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық Билльде қамтылған, Қазақстанмен танылған барлық құрамдас құжаттардағы адам құқықтарының нақты көлемінің шынайы қамтамасыз етілуі мен қорғалуы көбінесе мемлекеттің еркіне, әрбір нақты мемлекеттік орган мен жауапты тұлғаның үйлесімді атқарған жұмыстарына байланысты.

Жүктеулер

Жарияланды

05.04.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ергалимова, А., & Абайдельдинов, Е. (2025). Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Адам құқықтары туралы Халықаралық Билль нормаларының өзара әрекеттесуі: DOI: 10.32523/3079-7888-2025-13-1-17-32. Еуразия халықаралық құқық журналы, 13(1), 17–32. Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/113