ЕАЭО мемлекеттерінің халықаралық өзара іс-қимылының саяси-құқықтық негіздері
DOI: 10.32523/3079-7888-2025-13-1-62-74
Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
международные отношения, международное право, региональная международная организация, Евразийский экономический союз (ЕАЭС), геополитика, геоэкономика, транспортное пространство и логистика.Аңдатпа
Бұл зерттеу аймақтық халықаралық ұйымдардың (ЕАЭО мысалында) рөлінің артуы және геосаяси ерекшеліктерді ескере отырып, әлемдік тәртіптің өзгеруі туралы ғылыми гипотезаны қарастыруға арналған. Зерттеудің мақсаты – ЕАЭО мемлекеттерінің халықаралық өзара әрекеттесуінің саяси-құқықтық негіздерін зерттеу, сондай-ақ заңнаманы үйлестіруге, бірыңғай стандарттар мен ережелерді қалыптастыруға және тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысына кедергілерді жоюға бағытталған ынтымақтастық тетіктерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің нәтижелері, қорытындылары мен ұсыныстары монографиялар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар мен нақты ұсыныстар әзірлеу барысында қолданылуы мүмкін екендігі оның ғылыми және практикалық маңыздылығын көрсетеді.
Зерттеудің әдіснамалық негізін диалектикалық-материалистік таным әдісі құрайды, оның аясында келесі арнайы әдістер қолданылды: формальды-логикалық, жүйелік-құрылымдық, тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық. Сондай-ақ зерттеу барысында геоэкономикалық тәсіл қолданылды.
Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен құндылығы ЕАЭО басты мақсаттарын айқындауда жатыр. Бұл мақсаттар мүше мемлекеттердің экономикалық мүдделерін ортақ нарықты дамыту, әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету және кемсітушілік шаралардың алдын алу арқылы қорғауды қамтиды. ЕАЭО мемлекеттерінің халықаралық өзара әрекеттесуінің саяси-құқықтық негіздері экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, қатысушылардың мүдделерін қорғауға және Одақтың халықаралық аренадағы орнын қазіргі геосаяси өзгерістерді ескере отырып нығайтуға берік негіз жасайды.