БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарына жеке шағым жолдау туралы: рұқсаттылық талаптары

https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-13-2-41-50


Қаралымдар: 29 / PDF жүктеулері: 19

Авторлар

  • Арлан Алмасұлы Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Аңдатпа

Мақалада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарына жолданатын жеке хабарламаларға қойылатын рұқсаттылық талаптары жүйеленіп талданады. Қазақстан Республикасы азаматтары тарапынан жолданған шағымдардың елеулі бөлігі қабылдауға жатпайтын деп танылғаны атап көрсетіліп, бұл құбылыстың негізгі себептері ретінде рәсімдік және құқықтық талаптардың сақталмауы алға тартылады. Автор халықаралық құқық нормалары мен шарттық органдардың практикалық шешімдеріне сүйене отырып, рұқсаттылық талаптарының мазмұнын нақтылайды (ratione temporis, ratione materiae, ratione personae және т.б.). Сонымен қатар, мақаланың мақсаты – мемлекеттік тілде сапалы құқықтық-ақпараттық материал ұсынып, авторлардың жиі жіберетін қателіктерін алдын ала түсіндіру арқылы, хабарламалардың іс мәні бойынша қаралу мүмкіндігін арттыруға ықпал ету.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алмасұлы, А. (2025). БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарына жеке шағым жолдау туралы: рұқсаттылық талаптары: https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-13-2-41-50. Еуразия халықаралық құқық журналы, 14(2), 41–50. Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/144

Журналдың саны

Бөлім

Мақала