Жазасын өтеу жағдайында мүгедектігі бар сотталғандардың құқықтарын жүзеге асыру: қазіргі жағдайы және мәселелері
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-16-4-24-35
Қаралымдар: 27 / PDF жүктеулері: 22
Кілт сөздер:
convicted persoms, disability, execution of punishment, penitentiary system, accessible environment, resocialization, correctional institutionsАңдатпа
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау – қазіргі заманғы құқықтық дамудың маңызды құрамдас бөлігі және мемлекетте адамның қадір-қасиетіне деген құрмет деңгейін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі. Осыған байланысты мүгедектігі бар сотталғандардың жағдайын зерттеу ерекше мәнге ие, себебі бұл санаттағы адамдар жазаны орындау жағдайында ең осал топтардың қатарына жатады. Мақалада олардың құқықтарын Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінде іске асыру ерекшеліктері қарастырылып, қолданыстағы ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттар, соның ішінде Мүгедек адамдардың құқықтары туралы Конвенция талданады. Медициналық көмектің қолжетімділігі, әлеуметтік қайта бейімдеу шараларының жүзеге асырылуы, кедергісіз ортаның қалыптасуы, сондай-ақ еңбек ету және білім алу мүмкіндіктерінің берілуі негізгі талдау нысаны ретінде көрсетілген. Қазақстандық тәжірибеде мүгедектігі бар адамдарға арналған жеке қолдау тетіктері, шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәжірибесі, арнайы бейімделген орын-жайлар мен техникалық құралдарды ұйымдастыру мәселелері зерттеледі. Сонымен қатар жазасын өтеушілердің бейімделуіне әсер ететін жүйелі қиындықтар анықталды. Олардың қатарында инфрақұрылымдық кедергілер, медициналық және оңалту қызметтерінің жеткіліксіздігі, қозғалысы шектеулі тұлғаларға күтім көрсетуге жауапты персонал міндеттерінің нақты реттелмеуі, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімділіктің әлсіздігі бар. Шетелдік тәжірибені, оның ішінде Жапониядағы реформаларды салыстыру ұлттық жүйені жетілдірудің жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері құқықтық реттеуді жаңғырту, инфрақұрылымды арнайы талаптарға бейімдеу және персонал даярлығын арттыруды қамтитын кешенді тәсілдің маңыздылығын көрсетті
