Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕАЭО Сотының қызметіндегі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің міндеттемелерін бақылау және орындауды қамтамасыз ету тетіктері
Қаралымдар: 7 / PDF жүктеулері: 8
DOI:
https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-17-1-8-16Кілт сөздер:
ЕАЭО, ЕАЭО шеңберінде шешімдерді орындау тетігі, Еуразиялық экономикалық комиссия, ЕАЭО Соты, интеграциялық құқық, мемлекеттердің жауапкершілігіАңдатпа
Мақалада Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық тетіктер қарастырылады. ЕАЭО туралы шарттың ережелері, ЕАЭО Сотының практикасы және құқық қолдану тәжірибесіндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның рөлі талданады. Авторлар Еуропа одағын қоса алғанда, өзге де интеграциялық бірлестіктердегі міндеттемелерді орындау тетіктеріне салыстырмалы талдау жүргізіп, ЕАЭО жүйесіндегі негізгі проблемалар мен олқылықтарды айқындайды. Қорытындыда Одақтың құқықтық құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған реформалау бағыттары ұсынылады.



