БҰҰ КӨНК 30 жыл: климаттың өзгеруімен күрес саласындағы ха-лықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың эволюциясы

https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2022-3-3-40-50


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Роза Акшалова Евразийский национальный университет имени Л.Н Гумилева

Кілт сөздер:

1992 жылғы Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ негіздемелік конвенциясы; 2015 жылғы климаттың өзгеруі туралы Париж келісімі; ұлттық түрде анықталған жарналар; климаттың өзгеруін азайту технологиялары; климаттық әділеттілік; адам құқықтары және климаттың өзгеруі; климаттық босқындар; құқықты «климаттандыру»; жаңартылатын энергия.

Аңдатпа

Түйіндеме. Қазіргі уақытта халықаралық қоғамдастық климаттың өзгеруі сияқты негізгі экологиялық қатерлердің біріне тап болып отыр. Бұл мақалада біз халықаралық құқықтық құжаттарды, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (бұдан әрі – БҰҰ КӨНК) Хатшылығының шешімдерін, халықаралық ұйымдардың баяндамаларын және климаттың өзгеруімен күрес саласындағы ғылыми әдебиеттерді талдаймыз. Біз климаттың өзгеруіне қарсы күрес халықаралық экологиялық құқықтан басқа халықаралық құқықтың қандай салаларына әсер еткенін талдаймыз. Сонымен қатар, ұлттық деңгейде айқындалған жарналар (бұдан әрі - ҰДАЖ), климаттың өзгеруін азайту технологиялары, климаттық талаптар, адам құқықтары және климаттың өзгеруі, климаттық босқындар, құқықты «климаттандыру», тұрақты даму контекстіндегі климаттың өзгеруі және ТДМ-ға қол жеткізу 13. сияқты мәселелер қозғалады. Климаттың өзгеруімен күресудің тиімді құралдарының бірі ретінде жаңартылатын энергия көздерінің әсеріне ерекше назар аударылатын болады. Қорытындылай келе, климаттың өзгеруінің салдарын бейімдеу және жұмсарту бойынша қабылданған шаралардың кең ауқымына қарамастан, жасыл экономикаға және көміртегі бейтараптығына көшу аяқталмайынша, сонымен қатар мемлекеттер климаттың өзгеруіне қатысты өз халықаралық-құқықтық міндеттерін адал орындауға ұмтылмайынша біз 2100 жылға дейін жаһандық климаттық мақсатқа қол жеткізу туралы айта алмаймыз.

Жүктеулер

Жарияланды

31.12.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Акшалова, Р. (2022). БҰҰ КӨНК 30 жыл: климаттың өзгеруімен күрес саласындағы ха-лықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың эволюциясы: https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2022-3-3-40-50. Еуразия халықаралық құқық журналы, 4(4), 40–50. Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/17

Журналдың саны

Бөлім

Мақала