Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытудағы халықаралық ынтымақтастығының құқықтық негіздері

https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-16-4-49-59


Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 38

Авторлар

  • Бекмырза Қаражан Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
  • Рабиға Сауан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2791-0954-2025-16-4-49-59

Кілт сөздер:

халықаралық ғарыш құқығы, халықаралық ынтымақтастық, ғарыш қызметі, Қазақстан Республикасы, Байқоңыр ғарыш айлағы

Аңдатпа

Бүгінгі күде ғарышты және аспан денелерін зерттеу, ғарыштық технологияларды дамыту технологиялық тұрғыдан дамыған, озық мемлекеттердің және қаражаты көп жеке меншік компаниялардың қызығушылығына ілігіп отыр. Өз аумағында тарихи маңызы бар Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуына байланысты аталмыш бағытта елеулі әлеуетке ие болып отырған Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуда халықаралық ынтымақтастықты оңтайлы ұйымдастыру шешуші рөл атқарады. Бұл мақалада Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ғарышты бейбіт игерудегі мемлекеттік ынтымақтастықты реттейтін негізгі көпжақты және екіжақты халықаралық шарттар қарастырылып, халықаралық ынтымақтастықтың болжамды даму бағыттары зерттеледі. Мақалада Қазақстанның Ресей Федерациясымен және «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін әзірлеудегі басқа да негізгі серіктестермен ынтымақтастығына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, осы саладағы ұлттық заңнама мен халықаралық құқық арасындағы байланыс зерттеледі.

Жүктеулер

Жарияланды

31.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қаражан, Б., & Сауан, Р. (2025). Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытудағы халықаралық ынтымақтастығының құқықтық негіздері : https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-16-4-49-59. Еуразия халықаралық құқық журналы, 16(4), 49–59. https://doi.org/10.32523/2791-0954-2025-16-4-49-59

Журналдың саны

Бөлім

Мақала