Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақтағы контрафактілік тауарларға қатысты шекара шараларын құқықтық реттеу
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-16-4-71-84
Қаралымдар: 27 / PDF жүктеулері: 13
Кілт сөздер:
шекаралық шаралар, құқықтық реттеу, контрафактілік тауарлар, зияткерлік меншік, ДСҰ, ЕО, ЕАЭОАңдатпа
Зерттеу зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары контекстінде Қазақстан Республикасында және Еуропалық Одақта контрафактілік тауарларға қарсы іс-қимылды құқықтық реттеуге арналған. Жұмыстың мақсаты – құқық иеленушілердің құқықтарын тауарлардың кедендік шекарадан өтуі кезінде қорғау механизмдерін кешенді талдау, сондай-ақ кедендік бақылау шараларын қолдануда ұлттық және наднационалдық тәсілдерді салыстыру. Зерттеудің теориялық негізін ТРИПС жөніндегі келісімі, ЕАЭО мен ҚР-дың кеден заңнамасы, ЕО-ның №608/2013 Регламенті, сонымен қатар сот тәжірибесі мен құзыретті органдардың құқықтық ұстанымдары құрайды. Зерттеу нәтижесінде ЕО моделі жоғары дәрежеде интеграцияланған және рәсімдерінің біріздендірілгендігімен сипатталатыны, ал Қазақстанда қорғаудың екі деңгейлі жүйесі – ұлттықтан жоғары (ЕАЭО шеңберінде) және ұлттық деңгейде қолданылатыны анықталды. Зерттеу қорытындысында рәсімдерді одан әрі цифрландырудың, ex officio тетігін күшейтудің және трансшекаралық ынтымақтастықты кеңейтудің өзектілігі негізделді. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы кедендік реттеуді жетілдіруге, құқық қолдану тәжірибесін біріздендіруге және трансшекаралық сауда көлемінің өсу жағдайында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тиімділігін арттыруға ресурстық база ретінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.
