Халықаралық ғарыш құқығына инклюзивті тәсілдерді енгізу мәселесіне қатысты
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-16-4-36-48
Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 16
Кілт сөздер:
ғарыш қызметі, мүгедектігі бар адамдар, БҰҰ, Қазақстан, инклюзивті тәсілдер, құқықАңдатпа
Бұл мақала халықаралық ғарыш құқығында инклюзивті тәсілдерді енгізу мәселесіне арналған. Мақаланың мақсаты – ғарыш жобалары мен бағдарламаларын іске асыруда инклюзивті тәсілдерді халықаралық және ұлттық деңгейде кешенді түрде зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: теориялық дереккөздерге, халықаралық құжаттарға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне шолу жасау және талдау; ғарыш қызметінде инклюзивті тәсілдерді енгізудің проблемалық аспектілерін анықтау; құқықтық коллизияларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Зерттеу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық стандарттарының нормалары Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі, әлеуметтік сала және инклюзивті саясат саласындағы ұлттық заңнамасының ережелеріне сәйкес келе ме деген гипотезаны тексеру көзделеді. Жүргізілген зерттеудің нәтижелері Қазақстандағы инклюзивті саясатты одан әрі жетілдіруге және ғарыш саласын дамытуға практикалық маңызы бар.
Зерттеу нәтижелері әлемде ғарыш кеңістігіне баршаның, соның ішінде мүгедектігі бар адамдардың да инклюзивті қолжетімді болуы үрдісінің белсенді түрде ілгерілеп келе жатқанын көрсетті. Бүгінгі таңда мемлекеттердің инклюзивті тәсілдерді енгізуге ғана емес, сонымен қатар өз ғарыш саласын жалпы дамытуға уақтылы дайын болуы мәселесі өзекті болып отыр.
