Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балалардың жыныстық қолсұғылмаушылық құқықтарын қорғау: мәселелері мен жетілдіру жолдары
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 8
DOI:
https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-17-1-17-29Кілт сөздер:
кәмелеттік жасқа жетпегендер, жыныстық қолсұғылмаушылық, жыныcтық негіздегі күш көрсету әрекеттері, Халықаралық денсаулық cақтаy ұйымы, ерекше қажеттіліктері бар бала, Балa құқықтарына қатысты халықаралық құжатАңдатпа
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, соның ішінде жыныстық қолсұғылмаушылық құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету бүгінгі таңдағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы уақыттарда қоғамда жиі орын алып отырған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың өсу үрдісі көтеріліп отырған мәселенің өзектілігін айқындай түседі. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық нормаларға сәйкес бірқатар ұлттық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, институционалдық қорғау тетіктері қалыптастырылғанына қарамастан олардың қоғам мен отбасындағы қауіпсіздіктерінің сақталмау мәселесі әлі де өзектілігін жоймай тұр.
Мүмкіндігі шектеулі балалар еліміздегі кәмелетке толмаған балалардың маңызды тобын құрай отырып мемлекеттің ерекше назарын қажет етеді. Ресми статистикалық мәліметтер бұл санаттағы балалардың елеулі үлеске ие екендігін көрсеткенімен (109,5 мың) оларды қылмыстық-құқықтық қорғау мәселелеріне арналған кешенді ғылыми зерттеулер мен мемлекеттік органдар тарапынан арнайы жүйелі қадағалау жеткіліксіз деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде кәмелетке толмағандарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау мен алдын алу шараларын күшейту қажеттілігін туындатады.
Мақала авторларымен мүмкіндігі шектеулі балаларды қоса алғанда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы жасалынатын қылмыстардың себептері анықталып, оларды қылмыстық-құқықтық қорғауды жетілдіру жолдары ұсынылады.



