Қазақстан Республикасында шетелдік цифрлық компанияларға салық салудың құқықтық аспектілері
Қаралымдар: 121 / PDF жүктеулері: 1110
DOI:
https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-19-3-86-99Кілт сөздер:
цифрлық экономика, халықаралық салық салу, шетелдік цифрлық компаниялар, цифрлық қызметтерге салық, электрондық сауда, қосымша құн салығыАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы шетелдік цифрлық компаниялардың қызметіне салық салудың құқықтық тәртібі және оны реттеудегі негізгі мәселелер қарастырылған. Авторлар цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында дәстүрлі салық тетіктерінің шетелдік цифрлық компаниялардың қызметін реттеудегі жеткіліксіздігін атап көрсетеді. Қазіргі цифрлық модельдер қызмет көрсетілетін мемлекетте шетелдік цифрлық компаниялардың физикалық түрде қатысуын талап етпейді. Зерттеуде 2022 жылдан бастап енгізілген «Google салығы» деп аталатын салық салудың жаңа қағидаларына, сондай-ақ 2025 жылғы жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге ерекше назар аударылған. Еуропалық одақ, Франция, Үндістан және Қытайдың тәжірибесі назарға алынды. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамадағы салық заңнамасын кешенді талдау және олқылықтарды анықтау, халықаралық стандарттар негізінде нақты жетілдіру бағыттарын ұсыну. Зерттеу барысында салыстырмалы-құқықтық талдау, жүйелік және формальды-логикалық әдістер құрылымдық-функционалдық және әлеуметтік-мәдени әдістер, сондай-ақ халықаралық тәжірибені талдау қолданылды. Сонымен қатар, шетелдік юрисдикциялардың аталған мәселені реттеу үлгілері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде бейрезиденттерді сәйкестендіру, транзакциялардың ашықтығы және мемлекетаралық ақпарат алмасу бойынша реттеудің тиімсіздігі бюджет кірісінің толық есептелмеуіне алып келетіндігі анықталды. Бұл жергілікті бизнестің бәсекелік жағдайына да, ұлттық валюта балансына да теріс әсер етеді. Авторлар «цифрлық қызметтер» ұғымын Салық кодексінде ашып көрсету және ұлттық реттеуді BEPS, Pillar one, Pillar two халықаралық стандарттарымен үйлестіру қажеттілігін тұжырымдайды. Нәтижелерді мемлекеттік салық саясатын әзірлеуде және цифрлық қызметтерді реттейтін нормативтік актілерді жетілдіруде пайдалануға болады.



