М.А. Таубе халықаралық құқық тарихындағы орта ғасырлардың маңызы туралы. Екінші мақала
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2023-6-2-33-47
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
Михаил Александрович Таубе (1869 – 1961), халықаралық құқық, Орта ғасырлар, халықаралық қатынастар, құқық нысандары, халықаралық әдет-ғұрып, заңАңдатпа
Мақала революцияға дейінгі атақты халықаралық заңгер, Ф.Ф. Мартенс оқушысы, халықаралық құқық докторы (1899 ж.), Ресей империясының мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған. Бұл мақалада М.А. Таубенің ерте және бергі орта ғасырлар жағдайындағы, сондай-ақ Жаңа дәуірге өту жағдайында құқықтың дамуы туралы көзқарастары қарастырылған. Ғалым халықаралық құқық тарихында Орта ғасырлар кезеңіне үлкен көңіл бөледі. Ғалымның бергі Орта ғасырлардағы және Жаңа замандағы халықаралық құқықтың қалыптасуы туралы көзқарастарына талдау жасалған. Тәубенің макиавеллизм және оның халықаралық құқық пен халықаралық қатынастарға әсері туралы көзқарастары қарастырылады. Ғалымның құқық нысандарының әдет-ғұрыптан құқыққа дейінгі дамуы туралы көзқарастарын зерттеу нәтижелері келтірілген. Автор Тәубенің халықаралық құқық пен саясат ұғымдарының араласып кетуінен туындайтын халықаралық құқық пен саясатқа деген көзқарастары туралы тұжырымдарымен бөліседі. Халықаралық заңгердің еуропалық кеңестерге қатынасы (XV ғ.) және олардың XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басындағы еуропалық конгресстермен ортақ белгілері көрсетілген. Бұл мақала М.А. Таубенің халықаралық құқық тарихындағы Орта ғасырларға көзқарастары туралы мақаланың жалғасы болып табылады.