Материалдарды жіберу
Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі
Жіберу процесінің бөлігі ретінде авторлар олардың ұсыныстары келесі тармақтардың барлығына сәйкес келетінін тексеруі керек, ал егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.- Этот материал ранее не был опубликован, а также не был представлен для рассмотрения и публикации в другом журнале (или дано объяснение этого в Комментариях для редактора).
- Файл с материалом представлен в формате документа OpenOffice, Microsoft Word или RTF.
- Приведены полные интернет-адреса (URL) для ссылок там, где это возможно.
- Текст набран с одинарным межстрочным интервалом; используется кегль шрифта в 12 пунктов; для выделения используется курсив, а не подчеркивание (за исключением URL-адресов); все иллюстрации, графики и таблицы расположены в соответствующих местах в тексте, а не в конце документа.
- Текст соответствует стилистическим и библиографческим требованиям, описанным в Руководстве для авторов, которое можно найти на странице «О журнале».
Авторларға арналған нұсқаулық
“Еуразия халықаралық құқық журналына” мақалалар беру бойынша авторларға арналған нұсқаулық
Журнал редакциясы авторлардан журналға жіберілетін жұмыстарды дайындау кезінде сақталуға тиіс ережелермен (журнал туралы жалпы ақпаратты, мақалаларды қарау рәсімін, жариялау этикасын қамтитын журнал редакциясының саясатымен) танысуды сұрайды.
- Автордың (авторлардың саны 3-тен аспауға тиіс) мақаланы редакцияға жіберуі баспагердің – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналда мақала басып шығару және оны кез келген шет тілінде қайта басу құқығына олардың келісімін білдіреді. Журналдың бір нөмірінде бір автордан 1-ден артық жарияланым жариялауға жол берілмейді. Мақаланың мазмұнына автор (авторлар) жауапты.
- Мақала редакцияға (ашық журнал жүйесі (OJS) арқылы) Word файлында ұсынылады (бет – А4, барлық жағынан шеттер – 20 мм. Шрифт: Times New Roman, өлшемі 14).
ХҒТАР http://grnti.ru/ бірінші жол, сол жақ; автор(лардың) инициалдары мен тегі – ортасына туралау, курсив; ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекет (егер авторлар әртүрлі ұйымдарда жұмыс істесе, автордың аты-жөнінің және тиісті ұйымның қасына белгі қою керек; автор(лар)дың электронды поштасы – жақшада курсивпен; мақаланың тақырыбы – ортасына қою қара шрифтпен). Стиль файлын журналының веб-сайтынан жүктеп алуға болады.
Авторлар қолжазбаның екі нұсқасын ұсынуы керек, олардың біреуінде авторлар туралы ақпарат (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы ақпарат) болмауы қажет, себебі “екіжақты жабық” рецензиялауда анонимді мәтін талап етіледі. Сондай-ақ, автор(лар) Ілеспе хат ұсынуы қажет (Ілеспе хат шаблонын журнладың веб-сайтынан алуға болады). Мақала файлдарын мақала тақырыбының алғашқы 4-5 сөзімен атау керек (мысалы: 1. Халықаралық құқықты оқыту әдістемесі туралы – автормен файл; 2. Халықаралық құқықты оқыту әдістемесі туралы – авторсыз файл).
- Мақала көлемі 6-16 беттен аспауы қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер тізімі, референс, авторлар туралы мәліметтер мақала көлеміне кірмейді. Көрсетілген көлемнен асатын жұмыстар журналдың редакция алқасының айрықша шешімі бойынша ерекше жағдайларда жариялауға қабылданады.
- Жұмыс мәтіні ХҒТАР айдарынан басталады. (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат айдары, келесі сілтеме арқылы http://grnti.ru/), ары қарай автордың(лардың) аты-жөні мен тегі, ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекет, автордың(лардың) е-mail, мақаланың тақырыбы, аңдатпа, түйін сөздер жазылады.
Аңдатпа (Abstract) зерттеу мақаласының қысқаша мазмұны және оқырманға мақаланың мәнін тез түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі әрқайсысының көлемі 150 сөзден кем емес, бірақ 200 сөзден аспауы қажет. Аңдатпа құрылымы келесі тармақтарды қамтиды:
- зерттеу тақырыбы туралы кіріспе сөз;
- ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары;
- жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының қысқаша сипаттамасы;
- зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы;
- зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары.
- жүргізілген зерттеудің мәні (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі).
- жұмыс нәтижелерінің практикалық мәні.
Түйін сөздер (7 сөзден немесе сөз тіркестерінен көп емес) мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуге, зерттеудің пәндік саласын анықтауға, мақала мәтінінде кездесуге тиіс. Түйін сөздер бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады.
Журнал авторлары мақала құрылымы бойынша тақырыптарға сәйкес келесі ережелерді сақтауы керек:
Мақала мынадай құрылымға ие болуға тиіс (алғашқы үш тармақ – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде):
- Тақырып және автор (авторлар) туралы деректер – автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны, қаласы, елі, ORCID; жарияланымдардың барлық авторларының электрондық поштасы (оның ішінде негізгі авторды көрсете отырып).
- Аңдатпа (Abstract) (150-250 сөз).
- Түйін сөздер (Keywords) (8-10 сөз).
- Кіріспе (Introduction).
- Материалдар мен әдістер (Materials and methods).
- Нәтижелер мен талқылау (Results and discussion).
- Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса) (Acknowledgements).
- Әдебиеттер тізімі және транслитерацияланған әдебиеттер тізімі – References бар болуы (транслитерация http://translit-online.ru веб-сайтта жүзеге асырылады.)
Ағылшын немесе орыс тілдерінде мақалалар жіберген шетелдік авторлар үшін мақаланың тақырыбын, авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпа мен түйін сөздерді қазақ тіліне аударуды журнал редакциясы жүзеге асырады.
Кіріспе (Introduction) келесі негізгі элементтерден тұрады:
- тақырыпты таңдаудың негіздемесі, тақырыптың немесе мәселенің өзектілігі. Алдыңғы зерттеушілердің тәжірибесін сипаттау арқылы тақырыпты таңдауды негіздеуде проблемалық жағдайдың бар екені (қандай да бір зерттеулердің болмауы, жаңа объектінің пайда болуы және т.б.) туралы хабарланады. Тақырыптың өзектілігі осы объектіні зерттеуге деген жалпы қызығушылықпен анықталады, бірақ бар сұрақтарға толық жауаптардың жоқтығы тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығымен дәлелденеді.
- жұмыстың объектісін, тақырыбын, мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдерін, гипотеза мен мәнін анықтау. Зерттеудің мақсаты тезисті дәлелдеумен, яғни автордың таңдаған аспектісінде зерттеу тақырыбын ұсынумен байланысты болады.
Материалдар мен әдістер (Materials and methods) бөлімі материалдардың сипаттамасынан, сондай-ақ қолданылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруы керек.
Ғылыми әдістеме мыналарды қамтуы керек:
- зерттеу сұрақтары;
- ұсынылған гипотеза (тезис);
- зерттеу кезеңдері;
- зерттеу әдістері.
Зерттеу материалының сипаттамасы оны сапалық және сандық тұрғыдан ұсынуды қамтиды. Материалдың сипаттамасы (халықаралық-құқықтық актілер, НҚА, мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, ресми статистика, ғалымдардың еңбектері және т.б.) – зерттеу нәтижелері мен әдістерінің дұрыстығын анықтайтын факторлардың бірі.
Егер мақаламен жұмыс істеу барысында жасанды интеллект (ChatGPT) пайдаланылған болса, бұл туралы осы бөлімде айтылады.
Нәтижелер мен талқылау (Results and Discussion) – мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі. Бөлімде зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау келтіріледі. Зерттеу барысында алынған нәтижелер бойынша тұжырымдар келтіріледі, негізгі мәні ашылады. Онда жұмыс нәтижелері талдануы және алдыңғы жұмыстармен, талдаулармен және қорытындылармен салыстырыла отырып, тиісті нәтижелер талқылануы қажет.
Қорытынды (Conclusion) – осы кезеңдегі жұмысты жалпылау және қорытындылау, автор айтқан тұжырымның ақиқатын растау және алынған нәтижелерді ескере отырып, ғылыми білімнің өзгеруі туралы автордың қорытындысы. Тұжырымдар абстрактілі болмауы керек, олар ұсыныстарды немесе одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін сипаттай отырып, белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін жалпылау үшін пайдаланылуы керек.
Қорытынды құрылымы келесі сұрақтарды қамтуы керек: зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай? Қандай нәтижелер алынды? Қандай тұжырымдар бар? Нәтижелерді енгізу, қолдану перспективалары мен мүмкіндіктері қандай?
Әдебиетке шолу (Literature review) секциясында отандық және шетелдік авторлардың зерттелген тақырып бойынша іргелі және жаңа еңбектері, осы еңбектерді олардың ғылыми үлестері тұрғысынан талдау, сондай-ақ зерттеудегі олқылықтар қамтылуға тиіс.
Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілтемелерге немесе автордың өз жетістіктері туралы орынсыз пікірлерге, автордың алдыңғы жұмыстарына сілтемелерге ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
Осы талаптардың біреуінің өзі сақталмаған жағдайда мақала қарауға қабылданбайды.
- Кестелер тікелей жұмыс мәтініне енгізіледі. Олар нөмірленіп, жұмыс мәтінінде оларға сілтеме жасалуы керек. Суреттер, графиктер стандартты форматтардың бірінде ұсынылуы керек: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX. Нүктелік сызбалар 600 dpi ажыратымдылығымен орындалуы керек. Суреттерде барлық мәліметтер нақты көрсетілуі керек.
- Әдебиеттер тізімінде тек жұмыс мәтінінде сілтемелері бар дереккөздер болуы керек. Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді. Әдебиеттер тізімі 7-ден астам дереккөзден тұруы керек.
Әдебиеттер тізімінде соңғы 10 жылда жарияланған дереккөздер кемінде 50% болуы керек. Сілтемелер берілген дереккөздердің сапасы мен саны мақаланың өзектілігін көрсетеді. Сондықтан авторларға келесі нұсқауларды орындау ұсынылады:
мақала авторлары мен бірлескен авторларының әдебиеттер тізіміндегі жарияланымдарының рұқсат етілген саны жалпы санның 20%-дан аспауға тиіс.
- Әдебиеттер тізімін рәсімдеу
2025 жылдың екінші номерінен бастап ЕАХҚЖ-на библиографияны құрастырған кезде Harvard Referencing Style қолдану ұсынылады.
Harvard Referencing Style қолданған кезде әдебиеттер тізімін қалыптастыру алфавиттік тәртіппен жүзеге асырылады. Нөмірлеу қарастырылмаған. Библиографиялық тізімде мақалада келтірілген барлық кітаптар, мақалалар, диссертациялар және басқа да ғылыми еңбектер көрсетілуі керек. Тізім жұмыстың соңында орналастырылады. Автордың аты-жөні, жарияланған жылы, атауы, шыққан жері және баспасы көрсетіледі.
Кітаптардағы тараулар, мақалалардың атаулары ағылшын тіліндегі “тырнақшалармен” белгіленеді.
Мәтіндік сілтемелер. Гарвард дәйексөз жүйесін қолданған кезде, мәтінішілік дәйексөздер сіздің хатыңыздың мәтініндегі дереккөз туралы маңызды ақпарат береді. Әрбір дәйексөзде автордың тегі, жарияланған жылы және бет нөмірі көрсетіледі. Әдетте, мұның бәрі жақша ішінде көрсетілген. Мысалы, стандартты дәйексөз (Jones, 2024) немесе белгілі бір бетке сілтеме жасағанда (Jones, 2024, p. 23) түрінде болады.
Авторды (ларды) көрсету. Автордың тегі жазылады, үтір қойылады, одан кейін оның инициалдары көрсетіледі. Бір автордың бірнеше жұмысына сілтемелер хронологиялық тәртіпте беріледі. Автордың бір жылы жарияланған жұмыстарына сілтеме жасағанда, басылым жылына латын әріптерін (a, в, c) және т.б. қосу арқылы жұмыстарды бөліп көрсету керек (Jackson, А., 2024a: 12), (Jackson, А., 2024в: 75-76).
Егер мақаланы екі автор дайындаған болса, олардың фамилияларының арасына “and” жалғаулығы жазылады. Егер үш автор болса, онда бірінші және екінші автор үтірмен, екінші және үшінші авторлар “and” жалғаулығымен бөлінеді. Авторлар үштен көп болған кезде алғашқы үшеуі үтір арқылы көрсетіледі, содан кейін және т.б. (et al.) қойылады: (Jackson, А., Doe, A., Brown et al., 2022).
Халықаралық-құқықтық актілерге, мемлекетішілік нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік бағдарламаларға және т.б. сілтемелер дәйексөз келтіруге қарай жұмыстың соңында сілтемелер түрінде ресімделеді.
Келтірілген басылымның атауы курсивпен белгіленеді.
Кітаптарға сілтемелерді рәсімдеу:
Автордың тегі, аты-жөні, үтір; (жақшаның ішінде басылым жылы) – үтір; кітаптың атауы – курсивпен; басылым нөмірі (егер екінші және одан кейінгі басылымға сілтеме жасалса) – үтір; баспагер (баспахана) – үтір; басылым қаласы – нүкте.
Мысалы: Смит, Дж., (2021), Введение в социологию. Изд. 2, Routledge, Лондон.
Интернет-дерексөздер: Егер дереккөз электронды түрде келтірілсе, онда соңында available at: жүгіну кезіндегі толық URL көрсетілуі керек.
Мысалы: Всемирная организация здравоохранения (2023). Глобальные тенденции в области здравоохранения, ВОЗ, [https://www.who.int/]. Accessed: 10 October 2023.
Кітаптардың тарауларына сілтемелер. Аты-жөні (жылы), “Тараудың атауы”, редакторлардың аты-жөні, Кітаптың атауы курсивпен [Кітап атауының аудармасы], басылымның №, баспа, қала, ел, тараудың бет нөмірлері көрсетіледі.
Журнал мақалаларына сілтемелер: Аты-жөні, (жақша ішінде жарияланған жылы), мақаланың атауы – курсивпен, журналдың нөмірі, журналдың атауы, мақала беттерінің нөмірлері.
Мысалы: Doe, A. (2019). “Exploring Modern Art”, №4 (12), Art Journal, pp. 34-50.
Электронды журналдарға сілтеме: тегі, аты, шыққан жылы, “Тырнақшаның ішінде мақаланың атауы”, курсивпен журналдың атауы, том нөмірі немесе шығарылым нөмірі, мақала беттерінің нөмірлері, available at: жүгінген кездегі толық URL.
Әдебиеттер тізімінен (пайдаланылған дереккөздерден) кейін мақалаға транслитерацияланған әдебиеттер тізімін (References) қосып қойыңыз.
Әдебиеттер тізімінен (References) кейін авторлардың әрқайсысы туралы мәліметтерді (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны, мекен-жайы, қаласы, елі, телефоны, E-mail, ORCID) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсету қажет.
Гарвард стилі туралы толығырақ қараңыз:
Ағылшын тілінде: http://www.citethisforme.com/harvard-referencing
https://librarydevelopment.group.shef.ac.uk/Assets/pdfs/referencing/harvard.pdf
https://www.adelaide.edu.au/library/ua/media/4332/library-qrg-harvard-referencing.pdf
Орыс тілінде: https://lib.herzen.spb.ru/media/manual/harvard_style.pdf
https://geo.tsu.ru/content/faculty/structure/chair/tourism/Фотогалерея/standart_Harvard.pdf
Құпиялық туралы мәлімдеме
Осы журналдың веб-сайтында енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек осы журналда көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылады және басқа мақсатта пайдаланылмайды немесе басқа тұлғалар мен ұйымдарға берілмейді.