Адамның экологиялық құқықтарын қорғау
DOI: 10.32523/3079-7888-2025-13-1-33-46
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 3
Кілт сөздер:
адамның экологиялық құқықтары, қолайлы және салауатты қоршаған ортаға құқығы, ақпарат алу құқығы, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі, Адам құқықтары жөніндегі келісім-шарт органдары, өмір сүру құқығыАңдатпа
Халықаралық құқықта адам құқықтарының жаңа буынын – "адамның экологиялық құқықтарын"қалыптастыру процесі жүреді. Мақалада адамның экологиялық құқықтарын бекіту мен қорғаудың қазақстандық-құқықтық және халықаралық-құқықтық негіздері, олардың Қазақстандағы және әлемдегі түрлері қарастырылады. Климаттың өзгеруінің адам құқықтарына әсері мәселесіне, сондай-ақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының осындай проблеманы тану жөніндегі қызметіне ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері қарулы қақтығыстар кезінде Климаттық босқындардың мәртебесін тану және адамның экологиялық құқықтарын қорғау қажеттілігін көрсетеді.