Сутегі энергетикасы, сутегі-көлік машина жасау ерекшеліктері: қазақстандық және халықаралық құқық

https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2022-4-4-10-31


Қаралымдар: 22 / PDF жүктеулері: 11

Авторлар

  • Марат Сарсембаев ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

Кілт сөздер:

водород, водородная энергетика, цифровая технология, искусственный интеллект, водородный транспорт, водородное машиностроение, закон, источник энергии, договор.

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада Қазақстанда сутекті гидроэнергетика және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірген, сутегі - Көлік құралдарын шығарған және пайдаланған жөн, өйткені олар экологиялық таза энергия тасымалдаушы және  қозғалыс құралдары болып табылады. Сонымен қатар, бұл санаттағы көліктерде жетіспейтін литий мен басқа сирек металдарды пайдалануды қажет ететін тартқыш батареялар жоқ. Экологиялық таза сутегі электр станцияларының энергиясын елдің бүкіл экономикасы, оның ішінде жеңіл электромобильдер, шағын электролеттер, шағын өзен электроходтары пайдаланатын болады, отандық әкімшілік құқықтың, азаматтық құқықтың қажетті заң актілерімен реттелетін болады. Сутегі отынын сутегі көліктері ауыр жүк машиналары, жүк және ұзақ мерзімді жолаушылар лайнерлерінің, теңіз кемелерінің, қуатты локомотивтердің үлкен жүк көтергіштігі түрінде тікелей пайдаланады. Мұндай көлік түрлерінің қозғалтқыштары көп өзгеріссіз қалады, тек бензин, дизель отыны, керосиннің орнына экологиялық зиянсыз сутегі отыны пайдаланылады. Пилотсыз сутегі көліктері білікті жүргізушілердің, машинистердің жетіспеушілігі туралы мәселені шешеді: жасанды интеллект қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл үдеріс республиканың цифрлық құқық, жасанды интеллект құқығы, өнертапқыштық құқық салаларындағы тиісті заңнамалық актілерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазақстанның дамыған мемлекеттермен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен халықаралық келісімдері Қазақстанда сутегі энергетикасы және сутегі-көлік машина жасау мәселелеріне техникалық көмек көрсетудің халықаралық-құқықтық құралдары болады.

Жарияланды

31.12.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сарсембаев, М. (2022). Сутегі энергетикасы, сутегі-көлік машина жасау ерекшеліктері: қазақстандық және халықаралық құқық: https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2022-4-4-10-31 . Еуразия халықаралық құқық журналы, 4(4), 10–31. Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/15

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)