Қазақстан Республикасында цифрландырудың стратегиялық бағыты жағдайында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету: халықаралық-құқықтық негіздері мен ажырау құқығын іске асырудың перспективалары

https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-15-3-8-17


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Арлан Алмасұлы Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты

Аңдатпа

Цифрландырудың жаңа стратегиялық бағыты мен оның еңбек нарығына ықпалын ескере отырып, мақалада еңбек қауіпсіздігі жүйесін жаңа еңбек нысандарына және цифрландыру үдерісіне ілеспе тәуекелдерге бейімдеу қажеттілігі айқындалады. Зерттеуде еңбек қауіпсіздігі жүйесінің заманауи элементі ретінде «ажырау құқығын» талдауға ерекше назар аударылады. Бұл құқық еңбек міндеттері мен қызметкердің жеке уақыты арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі ретінде сипатталады. Сондай-ақ аталмыш құқық жөніндегі халықаралық көзқарастар мен мемлекетаралық органдардың ұстанымдары зерделеніп, оның қызметкерлердің физикалық және психикалық денсаулығын қамтамасыз етудегі маңыздылығы айқындалады. Нәтижесінде осы құқықты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде заңнамалық тұрғыда бекітудің қажеттілігі негізделеді. Мұндай шара халықаралық міндеттемелерді іске асыру мен цифрландыру үдерісінен туындайтын жаңа кәсіби тәуекелдердің алдын алу құралы ретінде қарастырылады. Ажырау құқығын заңнамалық тұрғыдан бекітудің ықтимал тәсілдерін айқындау мақсатында Франция, Португалия, Италия, Люксембург және Австралияның тәжірибесі талданды.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алмасұлы A. (2025). Қазақстан Республикасында цифрландырудың стратегиялық бағыты жағдайында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету: халықаралық-құқықтық негіздері мен ажырау құқығын іске асырудың перспективалары: https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-15-3-8-17. Еуразия халықаралық құқық журналы, 15(3), 8–17. Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/152

Журналдың саны

Бөлім

Мақала