Жерді қашықтан зондтауды халықаралық-құқықтық реттеудің кейбір мәселелері
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-15-3-40-49
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
Жерді қашықтан зондтау, халықаралық ғарыш құқығы, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары, ғарыш түсірілімі, жасанды жер серіктері.Аңдатпа
Бұл мақалада Жерді қашықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ) саласындағы халықаралық-құқықтық реттеудің негізгі аспектілері қарастырылады. ЖҚЗ технологияларын пайдалану тәртібін, алынған деректерге қол жеткізу, оларды тарату мен қорғау мәселелерін реттейтін негізгі халықаралық шарттар мен қағидаттар талданады. БҰҰ Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізудегі ЖҚЗ рөліне, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және климаттың өзгеруін бақылау салаларына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы ЖҚЗ-ны ұлттық деңгейде құқықтық реттеу ерекшеліктері және оны одан әрі жетілдірудің болашағы зерттеледі.
