Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау мен қорғаудың халықаралық-құқықтық бастамалары мен Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы
https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2025-16-4-60-70
Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 10
Кілт сөздер:
мүмкіндігі шектеулі адам, Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Билль, мүгедектерге қатысты Дүниежүзілік іс қимыл Бағдарламасы, мүгедектерді теңдей мүмкіндіктермен қамтамасыз етудің Стандартты ережелері, Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция, техникалық көмекші құралдар қол жетімді ортаАңдатпа
Мақалада мүмкіндігі шектеулі балаларды қоса алғанда, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың халықаралық-құқықтық тетіктерінің қалыптасуы мен дамуы жан-жақты қарастырылады. Авторлар Еуропалық мемлекеттердегі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қорғау ерекшеліктеріне талдау жасап, бұл бағыттың одан әрі даму эволюциясын айқындайды. Атап айтқанда, зерттеу барысында Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Билль, мүгедектерге қатысты Дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы, мүгедектерді тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етудің біртекті ережелері, сондай-ақ 2008 жылғы 3 наурызда қабылданған БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясы сияқты негізгі халықаралық құқықтық актілерге ғылыми шолу жасалған.
Мақалада аталған халықаралық құжаттар негізінде Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-құқықтық қорғау және қолдау саласында жүзеге асырылған іс-шаралар кешеніне талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижесінде елімізде мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың құқықтық, институционалдық және әлеуметтік тетіктері айқындалған.
