Вьетнам мен Қазақстанның цифрлық экономикаларындағы дербес деректерді реттеу: имплементация мәселелері, киберқауіпсіздік тәуекелдері және екіжақты ынтымақтастық
Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 28
DOI:
https://doi.org/10.32523/2791-0954-2026-18-2-26-42Кілт сөздер:
дербес деректер, цифрлық экономика, деректерді басқару, киберқауіпсіздік, құқықтық реттеу, Вьетнам, Қазақстан, екіжақты ынтымақтастықАңдатпа
Мақалада екі дамушы ел – Вьетнам мен Қазақстандағы дербес деректерді құқықтық реттеудің жан-жақты салыстырмалы талдауы ұсынылған. Екі ел де электрондық коммерцияны дамытуда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Бұл жетістіктеріне қарамастан, аталмыш мемлекеттер бірқатар тәуекелдер мен қиындықтарға, әсіресе құқықтық реттеу саласындағы өзекті мәселелерге тап болды. Бұл мақалада екі елдегі электрондық коммерцияның ашық жүйесін құруға бағытталған соңғы заңнамалық бастамаларға баға беріледі және іс жүзінде кездесетін кейбір осалдықтар туралы айтылады. Мақалада талқыланған мәселелерді шешу мақсатында авторлар бірқатар ұсынымдар жасап, соның ішінде өзара ынтымақтастықты арттыру жолдарын саралайды.




