Халықаралық құқық нормаларына сәйкес кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығын мемлекетішілік қорғаудың өзекті мәселелері

https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2023-7-3-90-103


Қаралымдар: 17 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

  • Ақбопе Ергалимова Евразийский национальный университет имени Л.Гумилева

Кілт сөздер:

кәмелетке толмаған балалар, жыныстық қолсұғылмаушылық, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық, қамқоршылық және қорғаншылық органы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, мүмкіндігі шектеулі бала, бала құқықтары туралы Конвенция.

Аңдатпа

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы жасалынатын қылмыстық құқық бұзушылықтар санының жыл санап өсуі - еліміздегі кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік  саясатты күшейту қажеттілігін туындатуда. Елімізде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласында халықаралық және ұлттық деңгейде бірқатар құжаттар қабылданғанымен, кәмелетке толмағандардың қоғам мен отбасындағы қауіпсіздіктері әлі де сақталмай келеді. Мемлекеттік құзыретті органдардың статистикалық мәліметтеріне көз жүгіртетін болсақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалынып жатқан қылмыстардың санының әлі де болса азаймай тұр. Кәмелетке толмағандардың ерекше бір санатын-мүмкіндігі шектеулі балалар құрайды. Денсаулық жағдайының түрлі ерекшеліктеріне байланысты мүмкіндігі шектеулі балалар жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың құрбандарына айналу қаупі өте жоғары. Алайда, бұл туралы құқыққорғау органдарына хабарлану мүмкіндігі төмен болғандықтан бұл санаттағы балаларға қатысты жасалған қылмыстар латентті сипатта қалады.

Мақалада кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтардың қауіптілігі мен оған әсер етуші факторлары сипатталады. Мақала авторымен еліміздегі кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтері зерттеледі. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын - алуды жетілдіруде тиімді шешу жолдары ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ергалимова, А. (2023). Халықаралық құқық нормаларына сәйкес кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығын мемлекетішілік қорғаудың өзекті мәселелері: https://www.doi.org/10.32523/2791-0954-2023-7-3-90-103. Еуразия халықаралық құқық журналы, 7(3), 90–103. Retrieved from https://eajil.enu.kz/index.php/main/article/view/49

Журналдың саны

Бөлім

Мақала